Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Климат өзгерісі Біз қазіргі заманға сай өмір сүру үшін тамақ, жанар-жағармай, электр энергиясын қажет етеміз. Алайда біздің қуат өндіруіміз жерге зиянын тигізіп жатыр. Бұдан шығатын жол бар ма? Климаттың өзгеруі – миф, дақпырт немесе ғалымдар арасындағы құпия келісім емес, келелі мәселе. Сенбесеңіз, мына деректерді оқып көріңіз. Мұздар қайда кетті? Арктикада күрт жылынып, оның мұз қабаты жұқарып, азайып барады. Күн сәулесі мұзға шағылысып, аспанға қайтудың орнына күңгірт мұхитқа жұтылатындықтан жылыну үдерісі жылдамдай түсті. Судың ішінде еріген теңіз мұзы оның деңгейін көтермейді, алайда жердегі мұздың еруі әсер етеді. Әлем бойынша тау мұздықтары да кеміп келеді. 1900 жылдан бері жалпы теңіз деңгейінің 20-23 см-ге көтерілуі жағалаулардағы су тасқынының күрт көбеюіне себеп болып отыр. Мәселен, «Санди» дүлей дауылы кезінде су тасқыны мен жел АҚШ-тың шығыс жағалауына 68 миллиард доллар көлемінде зиян тигізді. Ең басты қауіп – Гренландия мен Антарктиданы басып жатқан мұз қабаттары. Ондағы мұздықтар теңіз деңгейін 70 метрге дейін көтеруге жеткілікті және бірте-бірте еріп жатыр. 125 000 жыл бұрын, жер сәл жылы болған кезде, ондағы мұз қабатының көбі еріген сияқты: теңіз деңгейі б не 7 метрге жоғары болыпты. Қазіргі таңда мұндай биіктікте жағалаудағы қалалар су астында қалады. 1-тапсырма. Мәтіннен сөздердің антонимдерін табыңыз. [2] Пайда Көбею...​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.