Тыңдалым оқылым
3
тапсырма.
Мәтінді тыңда, Түсініп оқы. Мәтінге тақырып
қойып, жоспар құр.
Балқаш - Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ол алғашқы дәуірдегі Пятис деген
теңіздің қалдығы болып есептеледі. Көл Сарыарқа мен Сарыесік құмдарының аралығында
орналасқан.
Соңғы кезде Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ге төмендеген. Қазіргі Балқаштың ұзындығы
614 км, ең терең жері - 26,5 м,
Балқаш көне түркі тілінде «балшық», «балық» деген мағынаны білдірген. Суының деңгейі
бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Ұзынарал бұғазы Сарыесік пен Балқашты байланыс-
тырады. Соның нәтижесінде көлдің батысында су тұщы, ал шығысында ащы. Көлге
негізгі суды Іле өзені құяды. Іле өзенінің ұзындығы 2 385 км. Іле өзенінің басы Қытайдың
Текес және Күнгес өзендерінің қосылатын жерінен басталады. Іле өзенінің Қазақстандағы
ұзындығы 740 км, Іле Жетісу аймағындағы ең ірі өзендердің бірі. «Іле» сөзі моңғол тілін-
дегi «ил, илэ» деген сөзге жақын, ЯҒНИ «ашық, айқын» дегенді білдіреді.
Іле өзенінің Балқашқа құяр жеріндегі тоғайлы-батпақты жерлер мемлекеттің қорғауына
алынды. Мұнда балықтың сазан, көксерке, аңбалық, ақмарқа т. б. 12 түрі кездеседі.
«Сен білесің бе?» энциклопедиясынан
короче составьте пожалуйста план
Answers & Comments
Ответ:
тақырып:Балқаш
жоспар:кіріспе:Балқаш Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі.
Негізгі бөлім:
1)Соңғы кезде Балқаш көлінің деңгейі 2м-ге дейін төмендеген.
2)Қазастандағы ұзындығы 740 км Іле Жетісу аймағындағы ірі өзендердің бірі
Қорытынды:
Іле өзенінің Балқашқа құяр жеріндегі тоғайлы-батпақты жерлер мемлекеттің қорғауына алынды.