ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ -тапсырма. Тыңда. Мәтінді оқы. Қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын сөздіктен қара. Теңеу сөздерді анықта. Біз Алакөлдегі Еспембет сайына бардық. Сайды өрлеп, жоғарыға көтерілдік. Айнала - қалың шыршалы биік таулар, тік жартастар мен мұздықтар. Ауа тап-таза. Салқын самал жел соғып тұр. Алыстан Жетісу Алатауының қарлы шыңдары көрінеді . Асқар таулы мұздықтар аспан- мен тілдескендей. Күн қызарып көтеріліп, айналаға нұр шашады. Айна- ла — көк майса қалың шөп. Таудың етегінде жабайы алма мен жидек тұнып тұр. Ертегідегідей Біз тауда қызғалдақ тердік, доп ойнадық. Кешке қарай алау жағып, тамақ пісірдік. Шіркін, далада ішкен тамақтың дәмі де ерекше екен! Ша- тыр құрдық. Тауда екі күн түнедік. Маған тауда түнеген керемет ұнады, Сен тауда түнеп көрдің бе? ғажайып көрініс!
Answers & Comments
Ответ:
Өрлеп - яғни өрмелеп барады деген сөз ғой мысалы, шыңға өрмелеп барады дегендей
Тілдескендей - сөйлескендей яғни біреумен сөйлесу секілді
Шіркін - яғни бір затты аңсау дегенді білдіреді.Мысалы мен осы телефонды алсам ғой шіркін дегендей.
Түнедік - осында қондық деген мағынаны білдіреді.Мысалы туысқанының, баласының, атасының, папасының, жиенінің, нағашысының.
Вроде түсіндің деп ойлайм