Тындалым
Көшпенділердің материалдық мәдениеті көшіп-қонуға,тұрмысқа ыңғайлы болды. Киіз үй,ат әбзелдері,ер-тоқым, теріден,ағаштан жасалған ыдыс- аяқ,бесік,тұрмыстық заттар- көшпенділердің материалдық мәдениеті. Көшпенділердің рухани мәдениеті өте бай.Оларда шығармашылық ойлау жүйесі ерекше дамыған.Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі – руна жазуды ойлап тауып,пайдаланды.Есік жазуындағы 17 әріптің 13-і – көне түркі алфавиті.
Бұл – V ғасырда түркілердің жазуы мен әдебиеті, рухани байлығының жоғары деңгейде дамығанын көрсететін аса құнды жәдігер.
Түркілер мемлекетті дала демократиясына сүйеніп басқарды. Би-шешендер ханның білгір ақылшысы,кемеңгер кеңесшісі болды. Би-шешендердің дана ойлары,тапқыр сөздері,әділ шешімдері мемлекетті демократиялық басқаруға жол ашты. VI ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты.Би-шешендер бай ауыз әдебиетін қалдырды. Көшпенділердің бірегей мемлекеттік құрылымы дамыды.Қазақ хандығы кезінде ғана орындалатын 5000-дай күй дүниеге келген.Бүгінгі қазақ халқы – сол өркениеттің тікелей мұрагері.

1.Көшпенділердің тұрмыстық заты
А) әріп В) ер-тоқым С) би-шешен Д) тапқыр сөздер
2.Түркілердің әдеби тілінің қалыптасуы
А)V В)IV С)X Д)VI
3. Өзгелік етісті көрсет
А)болды В) басқарды С)қалдырды Д)қалыптасты
4.Көшпенділердің рухани мәдени жәдігері
А)киіз үй В)ыдыс-аяқ С)бесік Д)жазу
5.«Шығармашылық» қосымшасын анықта
А)жалғау,жұрнақ ,жалғау В) жұрнақ , жалғау, жұрнақ
С) жалғау, жұрнақ Д) жұрнақ , жұрнақ , жалғау ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


More Questions From This User See All

рекомендуемые вопросы

Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.