Туыстық, татулық, ынтымақ пен ымыра деген сөздерді естімейтінге айналдық. Оның себеп-салдары неден деп бас қатырып жүрген кәлләні да шынымен аз байқаймыз. Ал мұнаралы мешітке кіріп уағыз тыңдай қалсаң: «тыныштық пен татулық бар жерге бақ-береке орнап, туыстарын іздеп, көпшіл болған адамдардың өмірі ұзақ һәм нұрлы болады», – деген сынды жылы сөздерді қуыс құлақ жиі естиді. Оған да шүкір делік. Бабалардың аузынан тастамаған қазыналы сөз қабырғалы құлшылық орнында сақталғанына да тәубе. Негізінде, дәстүріне дүбәрәлық танытпаған, керісінше бес жасар баласынан жер бесікке таяп қалған қартына дейін дәріптей білген халықтың ең басты ұстанымы – туысымен тату болу. Ал бүгінгі таңда кей ағайынның ат құйрығын кесіскендей ара бөліп жатқанын толық біліп, түсініп, аярлық ақпарға қанығып жүрміз. Оның себебі, көк қағаздың алмасуы мен дүниенің араласуы деп түсіндіретіндер де бар. Алайда, бастысы дін мен дәстүрге ден қоймай жүргенімізде екенін санаға салып байқайтындар сиреп бара жатқандай.
Answers & Comments
Ответ: