Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген «далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан. Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы. Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі қоңыр адамзат мәдениетінің дамуын қарастыратын болсақ, мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастың, сұхбаттың үзілмей келе жатқанын көреміз. Белгілі ғалым Л.Н.Гумилев көшпелілер жайында былай дейді: «Біздің дәуірге дейінгі I ғасырдағы көшпенділер мәдениеті ерекше дараланды. Оның үстіне ХҮIII-ХIХ ғ.ғ. көшпелілер мәдениетінен көп жоғары болған.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ғасырдан бастама алып, осыған орай мәдениеттің тарихи қозғалысын, заңдылықтарын біліп-танудың мәні артып отыр. Халық арасында көне мәдениет сырттан келген мәдениет ықпалымен жаңарып, толыққан үстіне толыға түсті деп ойлаймыз. Өйткені қазақ халқының еңбек етуінде көптеген өзгерістер болды. Сырттан келген мәдениетті өз өмір тіршілігіне байланысты өзгерткен. ХІХ ғ. 2-ші жартысы мен ХХ ғ. басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері ең жоғарғы даму баспалдағына көтеріліп, өмірде өз орнын ала білді. Қазіргі таңда біздің пікірімізше, қазақ қолөнерін жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. Біздің пайымдауымша, бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу. Ұлттық мәдениеттің бір саласы қолөнер, яғни ою-өрнек болғандықтан, қолөнер шеберлерінің дәстүрлі талабын да жан-жақты зерттеу болашақ жастардың ісі. Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай да білуіміз керек.Мүйіз» — қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз»ою-өрнек кейде ұсақ кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «өркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши) мен түрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, ожау, жүкаяқ, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, садак), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.
Answers & Comments