Міне, қыркүйек туды,күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркірепжаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертеңсалқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдырабастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын,құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады.Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады.Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілерастығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтартұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жазкүні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяпотыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар отбасында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!
Answers & Comments