ВЫПИШИТЕ ЧИСЛИТЕЛЬНЫЕ У МЕНЯ МАЛО ВРЕМЕНИ


1990 жылдан бастап алынатын су көлемдерiнiн азаю тенденциясы байқалады. 2000 жылдардағы табиғи су көздерінен алынған судың көлемі 1990 жылдардағы су тұтынумен салыстырғанда, 918 текше метр азайды және 20,57 текше шақырымды құрады. Қазіргі кезде суландыруға 15 текше шақырым жуық көлемде су колданылады. Соның өзінде суармалы егіншаруашылығы дамыған Кызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Алматы облыстарындағы су тапшылығы сакталып отыр, оның iшiнде өте ылғалтартқыш - күріштің өндірісі. Экономика салаларынын 85 пайызы жер беті суымен қамтамасыз етiлсе, қалған бөлiгi жер астындагы, теңіздегі және саркынды сулармен iске асады. Ауылшаруашылык саласы су корларының негізгі су көлемін пайдаланатын сектор. Бұл жерде су суармалы егіншаруашылығына, одан кейін малдын жем-шөбін даярлау үшін жайылымды суландыруға, сонымен бiрге ауыл тұрғындары мен малды сумен қамтуға жұмсалады. Жер беті суларымен жүйелі суландыру, негізінен, оңтүстікте және республиканын оңтүстік-шығысында - Сырдария, Іле, Шу, Талас, Ертіс және басқа өзендер бассейнінде өте жаксы дамыған. Жайылма суландыру, негізінен, Солтүстік және Батыс Казакстанда көктемгі суды пайдалану аркылы жүзеге асырылады. Олар - Есіл, Торғай, Тобыл, Жайык тағы баса өзендері.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.