.выпишите из текста документальные, абстрактные существительные и множественные причастия.
Менің туған жерім-Баянауыл. Баянауыл- жер жаннаты. Әрбір адам өзінің туған жерін құрмет тұтады. Мен үшін Баянауыл- қымбатты, қасиетті жер. Оның табиғаты өте әсем. Баянауыл мөлдір көлдерімен, бұлағымен, таңғажайып тауларымен әйгілі. Көлдерді жағалай таулар бар. Тауларда шырша, қайың, қарағайлар өседі.
Баянауылдың өсімдіктері емдік қасиетімен бағалы. Мысалы, киіктер ауырған кезде шөп арасынан мүжгін іздеп табады да, оны ұзақ шайнайды. Бірнеше күннен кейін олар сауығып кетеді. Адамдар бұрын онымен өкпе, асқазан ауруларын емдеген. Оны қазақтың женьшені деп те атайды. Сонымен бірге итмұрын, қарақат, құлпынай, шие сияқты жеміс-жидектер де көп.
Бұл аймақтың жер қойнауы да өте бай. Жер астында күміс, алтын, мырыш, қорғасын, малахит бар. Барлығы 26 элементтен тұрады.
Баянауыл- бүкіл қазақ елінің ардақтайтын жері, құрмет тұтатын құтты мекені. Баянауыл Павлодар облысында орналасқан.
ПОЖАЛУЙСТА СРОЧНО!!!
Answers & Comments
Ответ:
Әрбір адам өзінің туған жерін құрмет тұтады. Мен үшін Баянауыл- қымбатты, қасиетті жер. Оның табиғаты өте әсем
Объяснение: