Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ағартушы-педагогы, жазушы, фольклортанушы, қоғам қайраткері, этнограф. Қазақ оқулықтарының авторы: «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарды орыс тілін оқытуға арналған бастапқы нұсқаулық», аңыз-әңгімелердің, сонымен қатар Л.Н.Толстойдың, И.А.Крыловтың аудармаларының авторы.
Туған күні мен жері: 1841 жыл, Қостанай ауданы
Қайтыс болған күні мен орны: 29 шілде 1889 жыл, Қостанай, Қазақстан
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
дұрыс шығар

Жұбайы: Айғаныс Алтынсарина (1864-1889 ж.ж. үйленген)
Кітаптар: Кел, балалар, үйренейік!, Ėtnograficheskie ocherki i obrazt︠s︡y