ғылымның күнделігін негізгі алып, саяхаттаған жерің туралы күнделік жаз. Мәтін қызық болуы керек. Әдеби тілде жазылуы шарт. Сөздерді орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу керек. Баяндау стилі жатық болуы шарт. Көріктеуіш құралдарды ұтымды пайдалану қажет. Көлемі - 40-50 сөз.помогите пожалуйста
Answers & Comments
Ответ:
Туған жерде танып үлгермеген ғажап жерлер көп болса, басқа елдің қажеті қанша? Қазақстанда демалатын керемет жерлерді әдейі жинақтап қойдық.
Бурабай
Бурабай курорт қалашығын шынында да «қазақтың Швейцариясы» деп атайды. Ол бірегей табиғи таулы-орманды кешенде орналасқан және барлық жастағы туристерді қызықтырады. Әркім бұл жерде өз талғамына сай жер табуы мүмкін. Біреуге Көкшетау тауына серуендеу ұнаса, кейбіреулеріне таза көк-жасыл түсті Шортанды, Бурабай, Үлкен және Кіші Шабақты көлдеріндегі жағажай демалысы жағымды, тағы біреулері жоғары минералды хлорлы-натрийлі-магний суы бар шипажайда денсаулығын жақсартқысы келеді.
«Сарыағаш» курорты
Аталған курорттың емдік минералды суы бүткіл әлемге мәлім. Бірақ оны дәл бұлағынан ішкенмен теңесетін нәрсе бар ма? «Сарыағаш» курорты Көктерек кентінің бақша-саябақ сілемінің алқабында орналасқан және Қазақстандағы ең танымал шипажай мекемелерінің бірі болып саналады.
«Алуан түсті» Алакөл көлі
Жоңғар қақпасы асуына жақын, көлге тура таяу жерде екі әсем курортты қалашық: Қақанбай және Барлық-Арасан орналасқан. Бір кездері осында ғарышкерлер сауықтырудан өткен, ал қазір Алакөлдің емдік хлорлы-натрийлі суы Қазақстанмен қатар Ресейдің және Қытайдың халқын қызықтыруда. Бұл курортты дайверлер де қатты жақсы көреді – көлдің суы өте мөлдір. Егер сәті түссе, жағадан және шағын аралдардан сирек кездесетін қызғылт бірқазанды жолықтыруға болады.