Қытай жерінде құлдық қоғам ыдырағаннан кейін феодалдық қатынас дами бастады. Соңғы құлдық мемлекет Хань империясы құлаған кезде Қытай жері Ұлы Қытай қорғанынан Оңтүстік Қытай теңізіне дейін, сол кездегі шаруашылығы жақсы дамыған аймақтар -Хуанхэ, Янцзы өзендеріне және Сычуань, Шаньдань аймақтарына дейінгі жерлерді алып жатты.
Қытай - ежелден жер шаруашылығымен айналысқан ел. Әсіресе суармалы егіс кең етек алды. Қытай елі күні бүгінге дейін жібек елі деп аталады. Оның себебі, Қытайда ежелден жібек құрты өсіріліп келеді. Сондықтан да Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы сауда жолы Ұлы Жібек жолы деп
аталады. Қолөнер өте жақсы дамыған, әсіресе қыштан жасалған ыдыстар, қола және темір бұйымдар шетке көп шығарылған.
Қытайда жер иелігінің екі түрі болды. Император қолындағы жер мемлекет меншігі деп есептелді. Императорға қызмет атқарған адамдарға жер берілді, олар шаруалардың жерлерін басып алып, өздерінің жер иеліктерін кеңейтіп отырған. Сонымен қатар шаруалардың да үлестік жерлері болған. Әр шаруаға 120 му жер берілген.
Answers & Comments
Ответ: