Ответ:
ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІ
Қытай мемлекетінің пайда болу және даму кезеңдері
Ескі Дүниенің Қиыр Шығысы - Қытайда өркениеттің пайда болуы дамыған
дәуірдің ең бастапқы кезеңіне сәйкес келеді. Тек қытайлар ғана емес,
сонымен бірге Тибеттің, Бирманың, Тайланд және Солтүстік Вьетнамның ежелгі
тайпаларының едәуір бөлігі Қытай-Тибет семьясының тілдерінде сөйлейді.
Қазіргі Қытай Халық Республикасының ешқандай жұрты өз елін "Қытай", ал
өздерін "қытайлар" деп атамайды. Бұл атаулар түріктердің "кидань", "қытай"
этнонимдерінен, орта ғасырларда Маньчжурия, Монғолия және Солтүстік Батыс
Қытайдың аумақтарында орасан зор империя құрған халықтан тараған. Қытай
аумағында Шығыс Азияның басқа да халықтарымен бірге әлемнің ұлы
өркениеттерінің бірін құрған халықтың "ханьжэнь" немесе "ханьдар" деген
атауының өзі көне заман дәуіріндегі Қиыр Шығыстың құл иеленуші Хань
-(б.д.д. 202 ж) империясының атауынан шыққан. Ханьның негізін салушы - Цинь
империясы (б.д.д. 221-206 ж.ж). Қытай тарихы мынандай дәуірлерге бөлінеді:
1. Шань (Инь) - (б.д.д. 18-11 ғ. ғ.)
2. Чжоу дәуірі - (б.д.д. 11-3 ғ. ғ)
3. Цинь дәуірі - (б.д.д. 221-207 ж.ж. )
4. Хань дәуірі - (б.д.д. IIІ ғ. -б.д. ІІІ ғ)
Хуанхэ өзенінің төменгі және орта ағасының бассейнінде б.д.д. екінші
мыңжылдықта ірі тайпалық құрылымдардың бірі пайда болды. Иороглиф жазуының
белгілері өмірге келді. Өндіріс күштерінің оркендеуі металды қолданумен
және еңбек процесін жетілдірумен тікелей байланысты. Қоғамдық функциялар
жіктеліп, әскери көсемдер, абыздар, қауымдық кеңес бөлініп шығып, құлдық
пайда болды. Қала айналасына этнологиялық белгілері бойынша біріккен көрші
қауымдардың туыстық кешендері салынды. Қала қауымдары су тасқынына қарсы
бірігіп күресу, әскери себептер сияқты шаруашылық мұқтаждыққа бола бірікті.
Мүліктік жіктелу отбасын күшейтті. Екінші мыңжылдықтың аяғында барлық
қауымдар ішінде Шань қауымы ерекшелене бастады. Оның басшысының төтенше
әскери өкілдіктері болды және ол "Ван" деп аталды. Тонау соғыстары ванның
бөлігін одан да күшейте түсті. Ол жасағын өзіне берілген сарбаздардан
құратын. Ван лауазымы мұра бойынша ауысып отырды.
Қытайдың тарихл дәстүріне XVIII ғ. шамасында (жаңаша 1600 ж.) иньдар
өздерінің қарсыластарын талқандап, солтүстік Қытайдың кең байтақ аумағын
басып алды да, Шань (Инь) мемлекетінің негізін құрды. Тайпалардың әскери
қақтығыстары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, мемлекеттің пайда болу
процесін күшейткіші фактор болды. Ерте Қытай мемлекеті өзінің таптық мәні
бойынша құл иеленуші мемлекет ретінде қалыптасқан еді. Шань дәуірі құл
иеленуші қоғамының қалыптасу кезеңі болды. Егер ертеректегі Шаньға (б.д.д.
18-15 ғ. ) таптардың пайда болуының алашқы процестері ғана тән болса,
кейініректегі Шань дәуіріне (б.э.д. 14-11ғ.) ең төменгі сатысында құлдар
тұратын таптық қоғамының қалыптасуы тән. Чжоу дәуірінде жерді өңдеу
құралдары жетілдіріле түседі. Б.д. дейінгі VII-VI ғ.ғ. темірді балқыту және
өңдеу игеріліп, онан түрлі құрал-жабдықтар жасала бастайды. Темірді қолдану
колонердің дамып, қалалардың өркендеуіне және ақшалай-заттық қатынастардың
дамуына игі әсер етті. Чжру қоғамының әлеуметтік жіктелуі айқындала түседі.
Иерархиялық әлеуметтік жүйе пайда болып, қүл еңбегі темір балқытушы
шеберханаларда, тұз алуда кеңінен қолданылады.
Цинь, әсіресе Хань дәуірінде жаңа феодалдық қатынастардың белгісі пайда
бола бастайды.
Шань-Инь мемлекетінің өмір сүру дәуірі қытай тарихының ежелгі көне
дәуірі болып есептеледі. Бұл дәуір б.д.д. ХШ-ХІІ ғ.ғ. жатады. Ежелгі
Қытайдың тарихи дәстүрі Пенкен деген көсем өз тайпасын Нанянға алып келіп
еді. Сөйтіл Хуан өзенінің бойында, атауы букіл мемлекетке ғана емес, бүкіл
патшалар династиясына да берілген Шань дегсн үлкен қала салынды.
Вэй өзенінің бассейнінде тұрған чжоу тайпалары б.д.д. XII ғ. Шаньды
басып алып, оған "Инь" деген ерекше атау берген. Аңыздар бұл көсем қаһарлы
жаулап алушы емес, өз қол астындағы тайпаларын бейбіт билеген дейді.
Нарық ұзақ уақыт бойы анайы қалпын сақтап келді. Аңшылыққа, балық
аулауға ерскше маныз берілетін. Қытайда өзен жағалауында тиіп тұрған кең
далалы аймақтар мен үлкен жайылымдар жеткілікті болды. Бұл халыққа көп
мөлшерде ірі қара мен ұсақ мал жоне шошқа өсіруге мүмкіндік берді.
Құрбандыққа шалу жиі болып тұрды: 10 шошқа, өгіз, 30 қой, кейде 40 өгіз
немесе 100 шошқа шалынатын. Бірақ шаруашылықтың прогресшіл түрі егін
шаруашылығы болды да, ел күріш, бидай өсірді. Қолөнер де дамыды, тастан
пышақтар, балта, темір мен қоладан қару және сәнді ыдыстар жасайтын, Ағаш
табыт, садақ, жебе жасау да қолданылды. Қыш құмыра құю өнері де маңызды
болды. Ауыл шаруашылық өнімдерінің көбеюі сауданың дамуына алып келді,
бірақ ол анайы, айырбастық сипат алды. Қытайда қауымдық жер қожалығы,
көршілік қауым және рулық құрылыстың басқа да қалдықтары сақталды.
Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.
Answers & Comments