Қыз бен жігіт айтысы — айтыстың бір түрі. Бұл айтыстың басқа айтыстардан негізгі айырмашылығы — айтысқа түскен қыз бен жігіт арасында әзіл-қалжың, сондай-ақ әлеуметтік жағдай көбірек сөз болады. Қыз бен жігіттің өнер жарысы кейде қайымдасу не жұмбақтасу түрінде болады. Мысалы, Әсет пен Ырысжанның, Ұлбике мен Күдерінің айтыстары жұмбақ айтыстың озық үлгілеріне жатады. Сара Біржанмен айтысқанда “Тамағым жас баланың білегіндей, Иығым тік сандалдың тірегіндей, Бет алдым қоңыр қаздың кеудесіндей, Тал бойым жолбарыстың жүрегіндей”, — деп айтыс өнерінің көркемдік деңгейі жоғары болатынын дәлелдей түседі [1]. Сүйінбай — Күнбала, Ұлбике — Күдері, Біржан — Сара, Әсет — Ырысжан, Жамбыл — Салиқа, Омарқұл — Тәбия, Ләтипа — Кенен, Әжек — Шәріпжамал, Мұсабек пен Манат, т.б. айтыстар Қыз бен жігіт айтысының шынайы үлгілері.[2]
Answers & Comments
Ответ: