48-тапсырма. Берілген ойды жалғастырып, эссе жазыңдар. Әрбір
азатжолды жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашыңдар.
Қазақтың қолөнері – қазақ халқының асыл қазынасы. Осы асыл
қазынаны жоғалтпай, әрі қарай дамыту – біздің, болашақ жастардың
міндеті. Ол үшін...
Пожалуйста!!! Выполните задание на казахском
Вот перевод задания \/
Задание 8. Продолжите данную мысль и напишите сочинение. Каждый регулярно составляйте азатжолы и раскрывайте необходимое содержание. Казахские ремесла-сокровище казахского народа. В не теряя сокровищ, развиваться дальше-наша, будущая молодежь задача. Для этого...
Answers & Comments
Ответ:
Қазақтың қолөнері - қазақ халқының асыл қазынасы.Осы асыл қазынаны жоғалтпай әрі қарай дамыту - біздің болашақ жастардың міндеті.
Ол үшін ұлттық қолөнер арқылы ұлттық мәдениетке баулу,ұлттық ою- өрнекті пайдалана отырып,ұлттық тәрбие беру керек.Қазақ қолөнерінің бір саласы - ою- өрнектің түрлерін,түстерін,бояуларын,қазақ оюларының мазмұнын болашақ жас ұрпақ білуі тиіс.Қолөнер бұйымдары ішінде ою -өрнектің эстетикалық маңызы бар,жаныңа ләззәт сыйлайды және адам баласына берері мол өнер.Ою - өрнек қазағымның ауыз әдебиеті сияқты мәдени шежіресі.Ою- өрнекті үйреткендегі мақсат -болашақ ұрпаққа ұмыт болып бара жатқан ою- өрнекті таныстырып,өндіріске енгізіп,ою - өрнек өнерін қайта жаңадан жаңғырту.Ғасырлар бойы бұл өнер бізге жетті,біздің мақсатымыз бізге жеткен осы өнерді жаңғыртып келесі ұрпаққа жеткізу.Мектептерде оқушыларға технология сабағында ұлттық қолөнерді,ұлттық ою-өрнекті оқытып таныстырған дұрыс.Қазақтың ұлттық ою -өрнегі арқылы жастардың іскерлік шығармашылығын арттырса оң болар еді.Қолөнер бұйымдары жастарды әдемілікті көре білуге,сұлулықты сүюге үйретеді,эстетикалық талғамын қалыптастырады және ұлттық мәдениетінің дамуына ықпал етеді.