ЗАДАНИЯ
Оқылым
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз. Сөздерді анықтамасымен сәйкестендіріңіз.
«Қорық» сөзі – өте көне ұғым. Қорық - үкіметтің қорғауында болатын табиғи кешен, жер не су кеңістігі. Ол -
сирек кездесетін тіршілік иелерін сол қалпында сақтауға арналған, ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған ағзалардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру. Қоры
аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық - қорғалатын аумақ қана емес, сонымен
қатар, табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме. Мұнда саны сиреп бара жатқан жануарлар
мен азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи
ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғаты үшін жеткіліксіз.
Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық
ұйымдастырылмақшы.
Қорық -
қорғауға алынған ағзалардың гендік
қорын сақтау және қалпына келтіру
Зерттеу нысаны -
саны сиреп бара жатқан жануарлар мен
азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына
келтіру мәселесі
Қорықтың міндеті -
табиғи аумақ, табиғатты қорғау жөніндегі
мемлекеттік ғылыми мекеме.
ПЖЖЖ дам 40 баллов
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Қорық - табиғи аумақ, табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме.
Зерттеу нысаны - саны сиреп бара жатқан жануарлар мен азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі.
Қорықтың міндеті - қорғауға алынған ағзалардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру.