Таптым-таптым, тап жорға, Табаны жалпақ боз жорға. /Түйе/.
Маң-маң басып келеді, Тапырақтап желеді. Мойны ұзын, үсті тау, Ертеден елге бел еді. /Түйе/.
Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Мойны ұзын, көзі үлкен, Бұл не,өзің тауып ал? /Түйе/.
Даусы қоңыр, үні мұң, Тесіп қойған мұрынын. /Түйе/.
Дүниеде ақас бар бек жайлаған, Жанына адам барса ойбайлаған. Ақастың адам білер мінезі бар, Мінгесіп екі бала той тойлаған. /Түйе және оның өркеші/.
Бір тақыт бар дүниеде әркім білер, Ол тақыт қымбат емес, әркім мінер. Мінерінде төмендеп келеді екен, Мінгеннен соң жоғары көтерілер. /Түйе, оған мінген адам/.
Дүбір-дүбір төртеу, Есенгелді екеу. Жағалбайлы жалғыз, Оның таңы қарбыз. /Түйенің аяғы, екі құлағы, құйыршығы/.
Төрт кісі төсек сал дейді, Екі кісі қарауыл қарайды, Үлкен әйел есік аш дейді, Кіші әйел төмпештейді. /Түйе, төрт аяғы, екі өркеші, түйенің құмалақ тастағаны/.
Төсек астында төрт күлше. /Түйенің төрт табаны/.
Таудан тас домалайды, Тас бұршақтай сабалайды. /Түйенің құмалағы/.
Жоғарыдан көп тас домалайды, Кезектесіп бірін-бірі қуалайды. /Түйенің құмалағы/.
Шашылды маржан, Бағасы арзан. /Құмалақ/.
Апан-апан, Ескі шапан. Иір қобыз, Жарық жұлдыз. /Түйенің шудасы, мойны,көздері/.
Мамам маң басып барады, Күлшесі қалып барады. /Түйенің ізі/.
Екі төлдің атынан Бір төлдің аты шығады. /Тайлақ/.
Answers & Comments
Тапырақтап желеді.
Мойны ұзын, үсті тау,
Ертеден елге бел еді.
Таптым-таптым, тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.
/Түйе/.
Маң-маң басып келеді,
Тапырақтап желеді.
Мойны ұзын, үсті тау,
Ертеден елге бел еді.
/Түйе/.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен,
Бұл не,өзің тауып ал?
/Түйе/.
Даусы қоңыр, үні мұң,
Тесіп қойған мұрынын.
/Түйе/.
Дүниеде ақас бар бек жайлаған,
Жанына адам барса ойбайлаған.
Ақастың адам білер мінезі бар,
Мінгесіп екі бала той тойлаған.
/Түйе және оның өркеші/.
Бір тақыт бар дүниеде әркім білер,
Ол тақыт қымбат емес, әркім мінер.
Мінерінде төмендеп келеді екен,
Мінгеннен соң жоғары көтерілер.
/Түйе, оған мінген адам/.
Дүбір-дүбір төртеу,
Есенгелді екеу.
Жағалбайлы жалғыз,
Оның таңы қарбыз.
/Түйенің аяғы, екі құлағы, құйыршығы/.
Төрт кісі төсек сал дейді,
Екі кісі қарауыл қарайды,
Үлкен әйел есік аш дейді,
Кіші әйел төмпештейді.
/Түйе, төрт аяғы, екі өркеші, түйенің құмалақ тастағаны/.
Төсек астында төрт күлше.
/Түйенің төрт табаны/.
Таудан тас домалайды,
Тас бұршақтай сабалайды.
/Түйенің құмалағы/.
Жоғарыдан көп тас домалайды,
Кезектесіп бірін-бірі қуалайды.
/Түйенің құмалағы/.
Шашылды маржан,
Бағасы арзан.
/Құмалақ/.
Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз.
/Түйенің шудасы, мойны,көздері/.
Мамам маң басып барады,
Күлшесі қалып барады.
/Түйенің ізі/.
Екі төлдің атынан
Бір төлдің аты шығады.
/Тайлақ/.
Түбірлі төртеу,
Түймемен бесеу,
Ерубай екеу,
Мамық жалғыз.
/Жылқы/.
Қоян жақты, тақыр жонды,
Төрт тұяқ, екі аяқты, екі қолды.
Салпы ерін, өзі жүйрік,
Кең омырау, жуан құйрық.
/Ат/.
Төрт түп тұт мәуітімен кесіледі,
Үстіне мінген адам есіреді.
Құрдасым, тапқын мұны ойлы көзбен,
Ойласаң тереңірек шешіледі.
/Ат/.
Отырдым мұнан барып оймауылға,
Қлінді екі аяғым байлаулыға.
Қолыма екі қайыс ұстап алып,
Жүргіздім қайда барсам айдауыма.
/Мінген ат/.
Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді.
/Аттың екі құлағы мен төрт аяғы/.
Ана таумен мына тау соғысып келеді.
/Аттың төрт тұяғы/.
Кішкене ғана тостаған,
Көтеріп қана тастаған.
/Аттың тұяғы/.
Алды қияқ, арты шалғай.
/Аттың жалы/.
Ұштым,ұжмаққа шықтым,
Тептім, терекке шықтым.
/Атқа міну/.
Қарасам, қайдан келдің,
Малы қара сайдан келдің.
/Аттың тезегі/.
Кекендеткен несі екен,
Келіп салған несі екен?
Сорпылдатқан несі екен,
Сорқылдатқан несі екен,
Суырып алған несі екен,
Суы тамған несі екен?
/Желідегі биені емген құлын/.
Төртеу келеді,
Төртеу асылып тұрады,
Екеу жол көрсетеді,
Екеу иттен сақтайды,
Енді біреу артында асылып тұрады.
/Сиыр/.
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жаптырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
/Сиыр/.
Бүкір ағашқа қар жұқпас.
/Сиырдың мүйізі/.
Ел жатса да енекем жатпайды.
/Сиырдың мүйізі/.
Төсек астында төрт бауырсақ .
/Сиырдың желіні/.
Төрт туысқан бір шұңқырға құяды.
/Сиырдың емшегі/.
Арқасы бар, аунамайды,
Аузы бар, күйсемейді.
/Сиыр мен ат/.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
/Қой/.
Төрт тағанды бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.
/Қой/.
Азанда кетер ләйлекен,
Кеште келер ләйлекен.
Түрлі-түрлі жібектен,
Түймесі бар ілгектен.
/Қой, ешкі/.
Шапаным да, тоным да,
Арқаның жүр жонында.
Атам соның соңында,
Таяғы бар қолында.
/Қой, қойшы/.
Ашылмаған сандықта,
Пішілмеген құндыз бар.
/Қозы/.
Қайырып басын тастаған,
Қайқайып қойды бастаған.
/Ешкі/.
Асты пышақ, үсті істік,
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп-секіріп түскен.
/Ешкі/.
Төрт аяғы бар,
Басында екі таяғы бар,
Иегінде екі сақалы бар.
/Ешкі/.
Сақалы бар,
Санасы жоқ.
/Ешкі/.