StutkoelenaӨзі сұр, бөрі емес, Ұзын құлақты, қоян емес, Жұмыр тұяқты, жылқы емес. /Есек/. Ол надыр құм жануары, Көзі өткір, көңілі тар, Басқа ұрсаң, қылмайды намыс-ар. Қара түгіл ханда бар, Қытайда бар, Қырымда бар, Түркістан, Үрімде бар, Хоразым, Бұхарада бар. /Ит/.От басында орайған, Құйымшағы сорайған. /Тазы ит/.Үй артында шоңқайма, Буы шығып тұрмай ма? Салпаң құлақ келед деп, Қорқа-қорқа тұрмай ма?! /Ит/. Шықпайды үйден, Тоны жібектен. Күндіз ұйықтайды, Түнде дамыл таппайды. Аңға барады, Сол аңды үйден табады. /Мысық/.От басында бүкір шал, Құдайына шүкір шал. /Мысық/.Түссе күннің шуағы Көзді еріксіз жұмады. Жылы жерді сүйеді, Беті-қолын жуады. /Мысық/. Жол бойында жортқан, Сыбызғысын тартқан. /Қасқыр/.Тоң мойынды жуан көк, Желіп, жортып бүкеңдеп, Несібесі даладан, Еңбек қылмай жүрер тек. /Қасқыр/.Бір нәрсе қайраты көп, болған күшті, Басынан өткізеді әрбір істі. /Арыстан/.Жануар мақұлықтың біреуі өзі, Іркілмей жұмсайтұғын ірі тісті. /Арыстан/.Бар екен бір айуан көпке таныс, Мекені жүрер оның тау мен қамыс. Бұл өзі ойласа көп, шапшаң, епті, Жүректі бір айуанға қойса бетті. Қайтпайды жара алмаса не өледі, Өлмесе тынбайды ол алмай көкті. /Жолбарыс/. Мақұлық бар екен даусы зор, Адамға ұқсап бойында аяқ пен қол, Мекені тас бұлақтың төңірегінде, Мынаны тапқан жанның ақылы мол. /Аю/. Бітік көз, салпаң құлақ, қайқы мұрын, Көріп пе ең мұндай хайуан бұдан бұрын. Домалақ, алды-арты бірдей екен, Және де көріп жүрсіз әрбір түрін. /Шошқа/.
Answers & Comments
Ұзын құлақты, қоян емес,
Жұмыр тұяқты, жылқы емес.
/Есек/.
Ол надыр құм жануары,
Көзі өткір, көңілі тар,
Басқа ұрсаң, қылмайды намыс-ар.
Қара түгіл ханда бар,
Қытайда бар, Қырымда бар,
Түркістан, Үрімде бар,
Хоразым, Бұхарада бар.
/Ит/.От басында орайған,
Құйымшағы сорайған.
/Тазы ит/.Үй артында шоңқайма,
Буы шығып тұрмай ма?
Салпаң құлақ келед деп,
Қорқа-қорқа тұрмай ма?!
/Ит/.
Шықпайды үйден,
Тоны жібектен.
Күндіз ұйықтайды,
Түнде дамыл таппайды.
Аңға барады,
Сол аңды үйден табады.
/Мысық/.От басында бүкір шал,
Құдайына шүкір шал.
/Мысық/.Түссе күннің шуағы
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті-қолын жуады.
/Мысық/.
Жол бойында жортқан,
Сыбызғысын тартқан.
/Қасқыр/.Тоң мойынды жуан көк,
Желіп, жортып бүкеңдеп,
Несібесі даладан,
Еңбек қылмай жүрер тек.
/Қасқыр/.Бір нәрсе қайраты көп, болған күшті,
Басынан өткізеді әрбір істі.
/Арыстан/.Жануар мақұлықтың біреуі өзі,
Іркілмей жұмсайтұғын ірі тісті.
/Арыстан/.Бар екен бір айуан көпке таныс,
Мекені жүрер оның тау мен қамыс.
Бұл өзі ойласа көп, шапшаң, епті,
Жүректі бір айуанға қойса бетті.
Қайтпайды жара алмаса не өледі,
Өлмесе тынбайды ол алмай көкті.
/Жолбарыс/.
Мақұлық бар екен даусы зор,
Адамға ұқсап бойында аяқ пен қол,
Мекені тас бұлақтың төңірегінде,
Мынаны тапқан жанның ақылы мол.
/Аю/.
Бітік көз, салпаң құлақ, қайқы мұрын,
Көріп пе ең мұндай хайуан бұдан бұрын.
Домалақ, алды-арты бірдей екен,
Және де көріп жүрсіз әрбір түрін.
/Шошқа/.