4-тапсырма
Шығарманы түсініп оқып, кейіпкерге берілген автор мінездемесін табыңыз/ Прочитай внимательно текст. Найдите авторскую характеристику персонажа
Бегабат Ұзақов
«Жантаза» (әңгімеден үзінді)
Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесінде ел үнемі осындай мамыражай тірлік кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті.
Осындай ауыр ойлар санасын сан-саққа жүгіртіп жатқан бұл жігітті бірде бетін, бірде сыртын беретін баянсыз дүние ертерек есейткен. Әйтпесе, қазір жылт еткен сезімге желігіп, өмірдің қайталанбас көгілдір көктем шағының қызығын көретін жаста емес пе? Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман көзден бұл-бұл ұшқалы жеке бастың арман тілегі алыста қалды. Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас.
Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен атқа қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар-толмас кезінде айрандай ұйып отырған елгеоңтүстіктегі ала шапандылардың әскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе-жекте бас батырына найза қадап, аттан аударды. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтыруымен әлек. Жағдай бұлай жалғаса берсе, тұлымды ұл - құлға, бұрымды қыз - күңге айналарын сезген бұл жігіт араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктіруімен әуре. Арал, Сырдың кейбір салаларына бөген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді.
1 ) Мәтін бойынша кестені толтырыңыз/Заполните таблицу. Кейіпкердің мінез-сипатын, іс-әрекетін анықтаңыз.
Кейіпкердің аты кім?
Кейіпкердің
жасы, түрі,
сыртқы келбеті
Кейіпкердің
мінезі,
ішкі жан-дүниесі
Кейіпкердің
іс-әрекеті
Answers & Comments
Ответ:
1.Кейіпкердің аты кім?
Кейіпкердің аты-Жанқожа.
2.Жиырмаға толмаған,орта бойлы,төртбақ денелі,қалың қабақты,қарасұр жігіт.
3.Ерте есейген,ойлы,жаны таза.
4Елді біріктіріп,ағайынды жарастырып,егіншілікпен айналысуға үндеді.