Зар Заман – қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы “Зар заман” атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды. Оларды қазақ әдебиетінзе «Зар Заман ақындары» деп атайды.



Қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Ақын 63 жасында қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданында қайтыс болған.



Шортанбай Қанайұлының шығармасын алғаш зерттеген орыс зерттеушісі Радлов. «Зар заман» толғауы арқылы бір дәуірге ат Берген шығарманың астарынан көп нәрсені аңғарамыз» деп, отаршылдықтың қазақ ұлтына әкелген зияны туралы Радлов та айтады.





Шортанбай әуелі бұрынан көп айтылып келе жатқан заманға қай заман екенін атап, ат қояды.

Мынау ақыр заманда

Алуан, алуан Жан шықты

Арам, араз хан шықты

Қайыры жоқ бай шықты



Баяғыдан құбылып, бұзылып келе жатқан заман өзге заман екен. Бұл арада дін ұғымы мен ескі қазақ көзқарасы бір араға қосылғандай болады.



Заманның жаман белгісі «Зар заман» ішінде көп айтылады

Мұның өзі зар заман

Зарлығының белгісі

Ұл сыйламас атасын….

Қазы, болыс, хан қойды

Некесіз туған шатасын…

Сол заманның кезінде

Қыз сыйламас шешесін

Ер жеттім деп шаштасып…



Бұның бәрі-заман бұзылғанның белгілері. Енді осы заманды бұзған кім? Бұған да ақын жауап береді.

Заман қайтіп оңалсын…

Байлар ұрлық қылады

Көзіне малы көрінбей

Билер жейді Параны

Сақтап қойған сүрідей



Сол себепті:

Заманның түрі бұзылды

Текеметтің түріндей

Заманның зарын айтқан, ел келешегіне назаланған Шортанбай Қанайұлының еңбектерінің тақырыбы мен идеясы өз заманының қайғы, мұңы еді.





Талдау тапсырмалары:



1.Шортанбай Қанайұлы өмір сүрген заман туралы не білесіңдер?



2.ХІХ ғасырда қазақ даласында қандай тарихи оқиғалар орын алды?



3. «Зар заман» өлеңінде ақын өткен заманның келбетін қалай суреттеген?



4. Заманның тарлығының белгісі өлеңнің қай жолдарында берілген? Өз



сөздеріңмен түсіндіріп көріңдер.



5. Шортанбай ақын өлеңінің «Зар заман» аталу себебі неде?





Жоғардағы сұрақтарға жауап бере отыра және қосымша мәліметтерді пайдаланып , шағын мәлімет жазыңдар!

Дам 20 баллов
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.