Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы - жақсылық. Жақсылық - күллі тіршіліктің тұтқасы сияқты. Адам баласы дүниеге келгеннен кейін айналсындағылардан алған тәлім-тәрбиесі, әсері арқылы сана-сезімі қалыптасып, әрнені ойлап, сана сарабынан өткізе бастайды. Ақ пен қараны ажыратып, жақсылықтың, жамандықтың не екенін ұғына бастайды. Анығында, адам жаны жақсылыққа құмар, оны іздеп тұрады, өзіне де, өзгеге де тілейді.
Мен жақсылық ұғымын ең кеемел, ең игі дүние ретінде білетінмін. Әлденеден артығырақ көрінетін, биік, игі көрінетіннің бәрін жақсылық деп ойлайтынмын. Жалпы, жақсылық ұғымын түсіндірген өмірімде үлкен сабақ болды. Менің әжем - адам баласына жамандық тілемейтін, жамандық жасамайтын, жамандыққа қас, жақсылыққа дос адам. Ол адамның бәріне көмектесіп жүреді. Бүгінде жасы жетпістен асқанына қарамастан, әлі де тың. Үйдің шаруасын да тындырады, немерелерін қарайды, барлығына қамқор болады, әлдекім ауырып қалса, жанынан табылады. Ол кісінің өзгелерге жасаған жақсылығын көріп, таңданатынмын. Ол жақсылықты түсінетін де, түсінбейтін де жандар бар. Көмегін міндет көріп, қит етсе шақыратын адамдар да бар еді. Бірақ әжем көмек қолын аяп қалған емес.
Ол осы бейнесімен маған аяулы, қамқор, ардақты ана үлгісі болып көрінетін. Ол өз балаларына ғана емес, өзгелерге де аналық жылу, қамқорлық бере білді. Мамандығы балалардың дүниеге келуімен байланысты болғандықтан, кіндігін кескен балалары да көп. Олардың қай-қайсы болмасын әжем туралы жақсы сөздер айтып, құрақ ұшып жүгіріп тұрады.
Әжемнің жүрегі үлкен, терең. Онда жамандықтың ізі де жоқ. Тек жақсылық атаулыға тұнып тұр. Әжеме қарап, жақсылығы үшін масаттансам, өмірде көрген бейнеті үшін жүрегім езіледі. Ол - рухы мықты, күшті жан. Аяқтан шалып, қастық жасағандарға да күле қарап, ішіндегі іренішін ұмытып кетеді. Тіпті, оған жақсылық тілейді. Бала күнімнен әжемнің осындай жаны жайсаң жан екенін, даналығы мен даралығын көріп өскендіктен, жақсылықтың не екенін біліп өстім. Біліп қана қоймай, әжемнің мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы жақсылықтың не екенін көріп өстім.
Жақсылық - әлемге мейірін шашып, жылуына бөлейтін үлкен қасиет. Жақсылық - игілік атаулының түп бастау болғандықтан, ол қашан да әлемге жылу сыйлайды. Бойыңдағы жамандықты, арам ойды еңсеріп, жақсылыққа жеңдірудің өзі оңай іс емес. Әр адамның бойында өзіне деген махаббаттан әлемге, адамзатқа деген махаббат жоғары тұрса, оның адамгершілігі болмақ. Ал адамгершілігі бар жан тек жақсылыққа құмар болады.
Кейде ойлаймын, елдің бәрі менің әжем сияқты болса ғой. Онда ешкім ешкімге жамандық тілемес еді, ешкім ұрсыспас еді, бір-бірін күндемес еді. Әлем жайдары жандарға толар еді. Бірақ жақсылыққа құмар болу үшін, сана-сезімің, жүрегің таза болуі тиіс.
Answers & Comments
Ответ: