Жаңа сөздер
Жеңіліс - Ұтылу, сайыста ұтылып қалу.
Көркемсөз - Эстетикалық мәні күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз.
Шабыт - Шабыт деген адамның бойындағы өзіндік қасиеті
Ұтымды ой - Пайдалы, тиімді ой білдіру.
Суырыпсалма  – белгілі бір тақырыпқа сол сәтте өлең шығару өнері.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс – топ алдында, табан астында суырыпсалып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыстың бәдік айтыс, жануар мен адамның айтысы, жұмбақ айтыс, салт айтыс деген түрлері бар.
Бәдік айтыс – айтыстың ең көне түрі, адамның табиғаттың сырын түсінбеген кезінде, діни нанымға байланысты туған. Адам бәрінің өз иесі, тәңірі бар деп түсінген.
Салт айтысының ескі түрі – қыз бен жігіт айтысы. Айтыс – өнер бәйгесі, сөз сынағында әр ақын өз ортасын дәріптеп, елінің туын көтереді. Осы күнгі айтыстың ерекшелігі:
– бүгінгі күн талабы, уақыт тынысы тұрғысынан ортақ әлеуметтік мәселелерді көтереді;
– алдын ала белгіленген тақырып пен уақытқа сай арнайы жиналған елдің алдында сайысқа түседі.
2-тапсырма. «Ойлан, тап!» әдісі. Суреттер мен сөздерді сәйкестендір.
Қыз бен жігіт айтысы
Бәдік айтыс
Ақындар айтысы​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.