Біздің әрекеттеріміз өзімізге білінбей, бірте-бірте әдетке айналып жатады. Мысалы, көзімізді қайта-қайта жұму, тырнақ тістеу, тісімізді қайрау, аяқ дірілдету сынды жағымсыз әрекеттер өзімізге құдды бір жүйке жүйемізді ретке келтіріп жатқандай сезіледі. Дегенмен, сырт көзден мүлдем басқаша пікір естіп жатамыз. Ал осы әдеттердің біздің санамызда қалай пайда болғаны туралы, олардан қалай құтылуға болатыны туралы білгілеріңіз келсе, мына кеңестерімізді ескере жүріңіздер.
Іс-әрекет қалай дағдыға айналады?
Біз бір нәрсені үйренген кезде, миымыз үлкен мөлшердегі ақпараттарды қабылдай бастайды. Оған қоса, қабылдау, сезіну, көңіл-күй сынды қасиеттердің жаңа беттерін толықтырып жатады. Уақыт өте келе, жаңа іс-әрекетті үйрену кезінде істің мән-жайын түсіне бастап, автоматты түрде қолыңыз машықтанып кетеді. Ал ақыл-ойыңыз қимылыңызды «жаттай» бастайды. Мысалы, алғаш рет велосипед тепкен сәтіңізді есіңізге түсіріңізші. Сол сәттегі қимылыңыз бен уайымдағаныңыз әлі есіңізде болар. Әйтсе де, қазір велосипедке еркін отырып, автоматты түрде аяғыңыздың қозғалысын алмастырып, қалаған жеріңізге бара аласыз.
Бұл үрдіс «есте сақтау» деп аталады. Есте сақтау кезінде жадымыз жаңа қабаттар «жамылады». Бұл қабаттар келесіде сол қызметтерді атқаруға көмектеседі. Ол уақыт өте келе әдетке айналады
Answers & Comments
Ответ: