Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы - жақсылық. Жақсылық - күллі тіршіліктің тұтқасы сияқты. Адам баласы дүниеге келгеннен кейін айналсындағылардан алған тәлім-тәрбиесі, әсері арқылы сана-сезімі қалыптасып, әрнені ойлап, сана сарабынан өткізе бастайды. Ақ пен қараны ажыратып, жақсылықтың, жамандықтың не екенін ұғына бастайды. Анығында, адам жаны жақсылыққа құмар, оны іздеп тұрады, өзіне де, өзгеге де тілейді.
Мен жақсылық ұғымын ең кеемел, ең игі дүние ретінде білетінмін. Әлденеден артығырақ көрінетін, биік, игі көрінетіннің бәрін жақсылық деп ойлайтынмын. Жалпы, жақсылық ұғымын түсіндірген өмірімде үлкен сабақ болды. Менің әжем - адам баласына жамандық тілемейтін, жамандық жасамайтын, жамандыққа қас, жақсылыққа дос адам. Ол адамның бәріне көмектесіп жүреді. Бүгінде жасы жетпістен асқанына қарамастан, әлі де тың. Үйдің шаруасын да тындырады, немерелерін қарайды, барлығына қамқор болады, әлдекім ауырып қалса, жанынан табылады. Ол кісінің өзгелерге жасаған жақсылығын көріп, таңданатынмын. Ол жақсылықты түсінетін де, түсінбейтін де жандар бар. Көмегін міндет көріп, қит етсе шақыратын адамдар да бар еді. Бірақ әжем көмек қолын аяп қалған емес.
Answers & Comments