Жақсылық жасап адамдардың мейіріміне бөлену үлкен бақыт әрі қуаныш. Жақсылық айналадағыларға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет. Жақсылық түрлі формада көрініс табады.
Біреу көрші апаның ауыр сөмкесін үйіне жеткізіп салса, екіншісі егде кісіге автобуста орын береді, енді біреуі жылап жатқан баланы жұбатады, ең ақыры үйсіз жануарларды тамақтандырады. Жақсылықтың түрі өте көп. Олар бізді дамытуға, көңілді болып жүруге, адамдарды құрметтеуге, өзіңді қадағалап ұстауға тәрбиелейді. Өзгеге жақсылық жасаушының өмірі ерекше бір мағынаға толы болады. Олар өзінің өмірді босқа сүріп жатпағандығын сезінеді. Жақсылық – адамшылықтың белгісі. Әркім өзінің қал-қадері жеткенше жақсылық жасайды. Ең бастысы, шын ниетімен, адал пейілімен жасалса болғаны.Жақсылықтың керемет тұсы – оның саған екі еселеніп қайтуы. Тіпті біз ойламаған жерден жақсылыққа, табысқа жетіп жатамыз. Ол – біздің жасалған жақсылықтарымыздан болуы әбден мүмкін. Бірақ та жақсылықтан қайтарым үміт етіп жасау – дұрыс ниет емес. Адамның табиғаты сол – өзіне жақсылық жасап, жақсы мәміледе болған адамға жамандық жасауға ұялады. «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі,» – деп М.Әуезов айтқан екен. Яғни еш сұраусыз-ақ ізгілікке ізгілікпен жауап қайтару – көптің қасиеті. Ал енді нағыз ерлер, шын мәнісіндегі тұлғалар жамандық жасаған адамға да қайырымды болады, ізгілігін, жақсылығын аямайтын болады екен. Міне солар – адамгершіліктің биігіндегілер. «Жақсы кісі ай мен күндей, әлемге бірдей» деп айтқан екен ғой қазақ атамыз. Шын жақсы кісі барлық адамға «нұрын» шашқысы кеп тұрады, адам жатырқамайды. Көңілі даладай кең, пейілі дархандар ғана сондай.
Жақсылық жасағанда екінші біреуді қуантып, тіпті бақытқа бөлеуге де болады. Сонымен қоса, ең үлкен қуаныш – жақсылық жасаушыда: жүрегі жұмсарып, ерекше сезімге бөленеді. Ондай адам ортада бағалы, құрметті болады. «Жақсы – жұрттың мақтаны, жұпар гүл – жердің мақтаны». Жақсы кісіні елі мақтап, жақсылығын көзі кеткесін де айтып жүреді. Кейінгілерге үлгі етіп айтып отырады.Жақсылық жасаудан қорықпау қажет.Жақсылық жасасаң алдыңа екі есе қайтады.
Answers & Comments
Ответ: