Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы - жақсылық. Жақсылық - күллі тіршіліктің тұтқасы сияқты. Адам баласы дүниеге келгеннен кейін айналсындағылардан алған тәлім-тәрбиесі, әсері арқылы сана-сезімі қалыптасып, әрнені ойлап, сана сарабынан өткізе бастайды. Ақ пен қараны ажыратып, жақсылықтың, жамандықтың не екенін ұғына бастайды. Анығында, адам жаны жақсылыққа құмар, оны іздеп тұрады, өзіне де, өзгеге де тілейді. Жақсылық жасасаң мың есе артық болып қайтса, жамандық жасағанын да өз алдына қайта оралары анық. Бұл – өмір заңдылығы. Адамның бойындағы ең ұнамды қасиеттердің тізімінің басында жақсылық жасау тұрған әрбір адамның өмірі мәнді де мағыналы болады. Адамгершілік, үлкендерді құрметтеу, сыпайыгершілік және мейірімділік сынды адами қасиеттер жақсы өмір сүруіміздің айқын дәлелі. Қиналып тұрған жанның жүрегіне қуаныш сыйлап, қасынан табылып сөзбен, іспен көмектесе алған адамның бойында жақсылық пен қоса адамгершілік қасиетінің басым екенін көреміз. Бұл өмір өткінші әрі уақытша. Ендеше, аз ғана уақытта бір-бірімізге әркез жақсылық жасап, қасымыздан табылып, қолдап жүргенге не жетсін?!
Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы – жақсылық. Адамгершілікті, имандылықты сипаттайтын ұғым. Жақсылық жасау едәуір қиын іс емес, дегенмен бізге әкелер сауабы мол, еш дүниемен өлшенбейді. Қолыңнан қандай игі іс келсе, соны қылу керек. Ол үшін алпауыт күштің, таудай білімнің керегі шамалы. Әуелі ниет қажет. Алла адамды жаратып, пенденің ой санасымен сезімі қалыптасқаннан бері жақсылық қатар келеді. Ол дүние дінге, ұлтқа, байлыққа қарамайды. Ақ пен қара секілді, жақсылықпен қоса жамандық та бар. Алайда жақсы қылсаңда, жаман қылсаңда өзіңе кері айналып келері хақ. Жақсылық міндетті түрде жалғасын табады.
Себебі, сенің бір жанға қуаныш сыйлағаның, одан кейінгі адамдардыңда жақсылыққа ұмтылуына себепші. Өзгеге жақсылық жасасаң, өзіңде себепсіз бақытқа бөленетінің жалған емес. Анадан алған мейірім, әкеден алған тәлім-тәрбиемен әр ұрпақ жақсылықты ұмыт қалдырмасы анық. Зейнеп Ахметова «Шуақты күндер» кітабында қазақтың қаһарман ұлы, батыр Бауыржан Момышұлы жасаған жақсылықтың өлшеусіздігін байқауға болады. Өзінен гөрі өзгенің қуанышын артық көретін батыр жақсылықтың талай көрінісін бізге үлгі етті. Жақсылық – кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі.
Ибн Аббас (р.а) та былай деді: «Жақсылық тек қана мына үш нәрсемен толық болады. Ол – жақсылықты жасауға асығу, жасаған жақсылығын көп деп емес, аз деп білу, жақсылықты жасырын жасау». Шынында, жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды, өйткені аз ғана жақсылық ешбір жақсылық жасамағаннан хайырлы.
2)«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз.
«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қаладағы мүгедек жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсынып жүрген жандар қоғамымызда жоқ емес. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Сондай сауабы мол істер жасауға қашанда асығып, ізгі қасетті жанына медеу еткен бүгінгінің қайырымды жандарының бірі Алматы қалассы, Түрксіб ауданының мәслихат депутаты, нұротандық Роза Кеңесханқызы.
Қоғамнан алшақтап қалған мүмкіндігі шектеулі жандарды көптеген іс-шарларға қатыстыра отыра, өмірге деген қызығушылығын ояту мақсатында құрылған қоғамның орналасқан ғимараты біраз жылдардан бері көптеген күрделі жөндеу жұмыстарын қажет еткен болатын. Осы жайтты ескерген Алматы қаласының Менеджмент және Сервис колледжінің директоры Бадаева Роза Кеңесханқызы демеушілік жасап, ғимаратты жөңдеуден өткізіп, үлкен көмек жасады.
– Айта кетерлік, Роза Бадаева ауданда талай қайырымдылық, саяси, мәдениет іс шараларды өткізіп, аудан мәселелерін соның ішінде мұқтаж жандардың сұрақтарын шешуге тырысып, көптеген кездесулерді өткізіп, өзіне қарапайым азаматтардан өмірді және тіршілікті бірге қалай жақсартуды бірге іздеп, бірге шешуге атсалысып жүреді, – дейді Түркісіб ауданының мүгедектер қоғамының әлеуметтік жобалар бойынша үйлестірушісі Дана Тойкенова.
Бұл үй болашақта да талай мұқтаж жандардың бас қосатын, пікір алысатын бір бірімен тәжірбие алмасатын жылы ұясына айнала берері сөзсіз. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынған Роза Кеңесқызына мүмкіндігі шектеулі азаматтар алғысын жаудыруда.
Answers & Comments
Ответ:

1)Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды дегенді
Шығарамын сөзімнен.
Сұлтанмахмұт Торайғыров