Жаз кезі еді. Өрісте лақ, құлын, қозы кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ
болды. Әуелі қандай ойын қызық екенін айта бастайды. Сөзді лақ бастады.
- Ойынның қызығы – тауға шығу, тастан – тасқа секіру. Әрі қан тарайды, әрі етті
боласың.
Қошақан ақ лақтың сөзін жаратпай, өз ойын айтты:- Секіріп, атылып ойнау – ойын
емес. Дүниедегі ойынның ең қызығы – қошқарлар сияқты сарт-сұрт сүзісу. Соның арқасында
күшің толады. Әрі бұлшық етің қатаяды.
- Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң шапқылап, жарысайық. Тұра
қалып тебісейік, – деді құлын екеуінің ойындарын жақтырмай. Үшеуі қызыл кеңірдек болып ұзақ керісті. Ақыры ешнәрсеге келісе алмай, әрқайсысы өз жөніне кетті.
1. Автордың айтқысы келген астарлы ойы
А) Достықтың қадірін біл
В) Ойын ойнаған азар
С) Әрқашан әдепті болуға әдеттен
Д) Әркім құрметке лайық
Answers & Comments
Verified answer
В...........................