Жазылым 1. Екі тақырыптың біреуін таңдап , жауап жаз . Жазба жұмысын тиісті стильде келтіріп орында . Жазба жұмысында демеулік шылауларды тиімді пайдаланып , сөздерді орфографиялық нормаға сай жаз , қосымшаларды дұрыс жалғауға мән бер , сөйлем ішінде , соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолдан . 1. Бөлім : Биоалуантүрлілік . Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер . « Экожүйені сақтауда « Қызыл кітаптың » қандай көмегі бар ? » Осы мәселе бойынша келісу - келіспеу себептерін айқындап , эссе жаз . 2. Бөлім : Қызым – жағадағы құндызым , ұлым – ас пандағы жұлдызым . Халқымыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген . Бала – өте нәзік те сезімтал адам . Баланы қалайша тәуелсіз , бірегей , мақсатты етіп тәрбиелеуге болады ? Өз позицияңызды ұстанып , аргументтер келтіре отырып , эссе жаз
Answers & Comments
Ответ:
Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым
Қазіргі жаһандану кезінде үздіксіз білім беру процесі өмірімізге дендеп
еніп кетті. Бала дүниеге келген күннен бастап қоғам назарында.
Баланың тәрбиесіне ықпал ететін негізгі төрт нәрсе бар: отбасы мен өскен
ортасы, балабақша, мектебі мен достары. Міне, бұлар үйлесім тауып, адам
тәрбиесіне сергек қараса ұлтқа қауіп төнбес еді. Кез келген ұлттың ұлт болып
қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы болуы керек.
Сондықтан ұрпағымыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, ел
қамын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық тәрбиені бойына
дарытуда Елбасы Н.Әбішұлының мына бір ұлағатты сөзі бағдаршам болмақ:
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намыс болса, қазақтың
ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып
жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа».
Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесі, мінез-құлқын қалыптастырып,
өмірге бейімдейтін үрдіс. Ол бесіктен басталады. Оның негізгі мақсаты адам
бойына ізгілік, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адами
қасиеттерін, тіршілікке қажетті дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
«Тәрбие тал бесіктен басталады», – дейді халық. Тал бесіктен бастау алған
тәрбие ғана жемісті болмақ. Баланың иманды, қайырымды азамат боп ер жетуі
алдымен, ата-ананың тәрбиесіне, қоршаған ортаның үлгі-өнегесіне байланысты
Объяснение:
осы