Туған жерде тіршілік етіп, сән-салтанат барыммен, адамгершілік арыммен азаматтық тұғырыма ұмтылған туған елімнің мен де бір бөлшегімін. Сондықтан да мен туған жерімді, тұнған тарихымды, ата салтымды, өнеге болар тұғырлы тұлғаларымды бөле жармай, тұтас күйінде сүйемін, аялаймын, ардақтаймын. Өйткені мен-азат, егемен елдің ұланымын! Мен-бүкіл әлем мойындаған асқақ та айбарлы «Қазақ» деген Ұлы елдің ұрпағымын!
Туған жер-әрбір адамның киелі бақ мекені. Кім болса да туған жердің торқалы топырағын басып,жұпар ауасын жұтып, кәусар суын қанып ішу арқылы сол елдің, яғни туған жерінің,өскен елінің қадір-қасиетін сезініп өседі.
Менің туған жерім, өскен өлкем-талай тарландар мен мықтыларды, батырлар мен билерді, әнші, күйші, ақындарды өмірге әкелген қасиетті де қазыналы Қазалы. Дәл осы елде шат-шадыман, уайымсыз, қайғысыз, балғын балалық шағымның әдемі сәттері өтуде.
Кім болса да өз туған жерінің даңқымен, табиғатымен, келбетімен мақтанады емес пе? Менің Қазалымның да абыройы абзал азаматтардың есімімен, көз тартар келбетімен айшықталып, асқақтап тұр.
Мен жүгіріп ойнаған аула мен көшелердің әсем көркі көз тартады. Бала кезде әкеммен бірге аулаға отырғызған шыбық талдар бұл күнде жапырағы жайқалып, көлеңкелі, саялы баққа айналған. Ел ағаларының ерен еңбегінің арқасында туған жеріміз көркейіп, кемелденуде.
Көшелер абаттандырылып, түрлі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ көктем сайын көшелерге талдар отырғызылып, гүлдер өсірілуде. Бұл әрекеттің барлығы табиғатқа, табиғат арқылы адамзатқа жасалып жатқан құрмет деп білемін.
Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында менің туған өлкемде дүбірлеген тарихи той боп өтті. Бұған себеп болған Самарқандай ғажайып шаһарды ұзақ жылдар билеген әлемге әйгілі қолбасшы, Тұран өркениетінің Ұлы перзенті Жалаңтөс Сейітқұлұлының 440 жылдық мерейтойы еді.
Аудан орталығындағы Әйтеке би, Жанқожа батыр, Қ.Пірімов атындағы негізгі көшелер көз тартарлық керемет келбетке ие болды.
Әсіресе, Қазалыға кіріп келе жатқан үлкен даңғыл жолдағы көрікті де кең көпірден бастау алған Қ.Пірімов көшесінің бойында тамыры терең тарихымыздан сыр шертер еңселі ескеркіштер бой түзеді: Адалдық пен сұлулықтың үлгісі саналған Бегім ана мен «Асандар көтерілісінің» құрбандарына қойылған ескерткіштердің жанынан өткенде ерекше бір сезімде боламын.
Тәуелсіздіктің құрметіне қойылған биіктігі 25 метрді құрайтын зәулім монументтің ұшар басындағы қос қанатын құлаштай самғаған қырағы қыранның мүсіні қазағымның қайсарлығы мен айбатын, еркіндігі мен еңселілігін паш еткендей.
Қос көшенің қиылысына тұрғызылған Жалаңтөс Баһадүр кесенесінің күмбезі көктегі күнмен шағылысып,өлкеме өзгеше бір реңк беріп тұр. Осы ескерткіштердің жанынан жүріп өткен әрбір жанның тарихымыздың терең қатпарына өзінше бір ой жүгіртіп, сұңғыла сырға сүңгіп алары хақ.
Бұдан бұрын бой көтерген тоғыз жолдың торабында орналасқан айшықты да асқақ ғимарат, Қазалы Теміржол вокзалы мен жанындағы Әйтеке би ескерткіші, аудан тұрғындарының салауаттылығы мен денсаулығын жақсартуға арналған ойын алаңдары мен спорттық кешендер туған өлкемнің көркейіп, дамуына жасалған игі істердің нәтижесі деп білемін.
Қазалы қаласында орналасқан Шығыс жастарының жалынды жетекшісі болған Ғани Мұратбаев мұражайының да мен секілді өскелең ұрпаққа берері мол.
Жасын ғұмыр жалынды Ғанидай перзентті өмірге әкелген өлкенің топырағында туылғанымның өзі мен үшін үлкен бақ та, абырой да, мақтаныш та!
Қос Қазалының ортасын жалғап тұрған Жанқожа баба кесенесі де - өлкемізге көрік берген киелі ескерткіш. Қазақстанның болашағы-ауылдан басталады. Сол себепті менің ауылым Қазақстанның дамуына мықтап үлес қосуда. Айта берсем Қазалымның тарихы да, шежіресі де мол, ол туралы жазылған мазмұнды мағлұматтар, жырлар да көп.
«Ортаймаған қазаны, Қасиетті Қазалы» деп ақындар жырға қосқан қасиетті мекеннен танымал тұлғалар, әншілер, атақты ақын- жазушылар шыққан . Сырдың ақмаржан күріші, «РЗА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сүт өнімдерін өндіруде.
«Дәмді» атаулы сүт, айран, қаймақ өнімдері Қазақстанның түкпір-түкпіріне таратылуда және «Қазалы» кәмпиті де елге дәмімен, сапасымен танымал. Біздің өнім Қазақстан жерінде ғана емес, бүкіл әлемге танымал болғанын қалаймын. Себебі, біздің осы өнімдеріміз экспортқа шықса,мемлекетіміздің саяси- экономикалық жағдайы жақсарар еді.
Иә, толағай табыстармен танылған туған өлкеміздің таңғажайып кереметтерін қадірлеу қай-қайсысымыз үшін де міндет. Адамзат баласы өзінің ғана емес, бүкіл ғаламның, табиғаттың, туған жердің аман-саулығы, тазалығы үшін жаратылыс алдында өзінің борыштар екенін сезінуі тиіс қой. Тіршілікте Күн, Жер, Ауа, Су сынды төрт құдіреттің қадірін қастерлеген перзент қана Туған жердің, Атамекеннің, Отанның бағасын бағамдай алар, сірә!
Туған жерге деген құрмет, сүйіспеншілік-рухани, имани тәрбиеден бастау алары хақ. Сонда ғана туған жерді түлетіп, атамекенді асқақтата аламыз. Рухы биік,иманды тұлғалар туған жерлерін жер жәннатына айналдырып,жұмақ мекенін қадірлей,қастерлей алады.
Answers & Comments
Ответ:

Мен де өз туған жерімді құрметтеймін.