Биылғы жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Қас-қағым уақыт тәрізді, қанды жол, ауыр күндермен келген Тәуелсіздігімізге – 30 жыл, Желтоқсан оқиғасына – 35 жыл. Жыл сайын, 16-шы желтоқсан күні – біз бүкіл ел болып, тәуелсіздік күнін, сән-салтанатты іс-шарамен, мерекелік кештермен атап өтеміз. Алайда, 1986 жыл дәл осы 16-шы желтоқсанда қаншама жүрегі қазақ деп соққан бауырларымыздан айырылған күн екендігінде ұмытпағанымыз жөн. Бүгінгі күні, дәл сол мерекелік көңіл-күйдің әсерінен 1986 жылғы қаралы күн жадымыздан өшіріліп келе жатқандай. Әрбір жүрегі қазақ деп соққан адамға белгілі ғой, қазақ еліне Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Ал бүгінгі Тәуелсіздігіміздің жаншысының бірегейі осы – Желтоқсан оқиғасы емес пе? Дәл осы желтоқсанда империя бодандығына қарсы бұлқынған намысшыл жастардың арқасында қазіргі тәуелсіздігімізге қол жеткізіп отырмыз. Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен қанды желтоқсан оқиғасының қатысушыларының ерліктері уақыт өткен сайын жадымызда жаңғыруы тиіс.
Answers & Comments
Ответ: