Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз . Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл - серуені бар . Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен , қаһарлы мінезімен , сықырлаған аязымен ерекше . Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын , ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды .
Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей . Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас . Бірі шаналарын арқалап , биік жоталарға , таулы қыраттарға бет түзейді . Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме . Қолдарына шана сүйреген балалар , жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес , оның жылы нұрын , ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады .
Answers & Comments
Ответ: