Жазылым


Мәтіннің мазмұны негізінде өз пікіріңізді досыңыздың

пікірімен салыстыра отырып жауап беріңіз. Жауабыңызды

«ПОПС- формула» әдісімен беріңіз.


«ПОПС-формула» әдісі


«Менің ойымша, …»


«Себебі, …»


« Мен мұны келесі мысалдармен дәлелдей аламын …»


«Осыларға сүйене отырып, мен мынадай қорытындыға

келдім …»


Мәтіңді оқып, аударыңыз.

Досым! Халің қалай? Бүгін теледидардан өте маңызды
хабар көрдім. Ол хабар маған ерекше әсер етті. Сондықтан
саған хат жазып отырмын. Сенімен ой бөліскім келді.
Өйткені еліміздің болашағы біздің қолымызда.

Біз экологиялық сауаттылық туралы не білеміз? Оны біз
«қоқыстарды қалай болса- солай тастамау» деп түсінеді
екенбіз. Бүгінгі хабарды көріп, мен өзімнің экологиялық
сауаттылығымның төмен екенін түсіндім. Мен, шын
мәнінде, осы мәселе туралы терең ойлайланбайды екенмін.

Қазіргі кезде ғылым мен техника дамып келеді. Бұл даму
биосфераға тікелей ықпалын тигізуде. Жер шарындағы
экологиялық жағдай күн сайын төмендеуде.

Байқайсың ба, еліміздің табиғаты да бұрын- соңды болмаған
өзгерістерге ұшырауда. Көптеген аймақ шөлейттеніп,
топырақ тозып, су қоры тартылып жатыр, атмосфераның
ластанып, ормандар сиреді, табиғат бүлініп жатыр.
Тіршілігімізге қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар
мен өнеркәсіп апаттары да жиілей бастады. Улы
қалдықтардың жинақталуы қоршаған ортаға зиянын тигізіп
отыр.

Қазіргі кезде адамзат алдына тұрған аса күрделі
экологиялық мәселе- қоршаған ортаны қалыпты жағдайда
ұстау. Осыған біз қаншалықты үлес қосып отырмыз? Иә,
анда-санда сенбіліктерге шығамыз. Өзімізге берілген
аймақты тазалап жинаймыз. Кейде мектепті алдындағы
гүлдерге, ағаштарға қараймыз. Менің ойымша, тек осымен
шектелетін сияқтымыз.

Біз күнделікті өмірімізде «қоршаған ортаны қалайша сақтап
қаламыз, не істеуіміз керек?» деген мәселеге салғырт қарап
жүрміз.

Экологиялық білі мен тәрбиені қалай беруге болады?
Еліміздің табиғатын қалай сақтауымыз керек? Не істеуге
болады?

Жауабыңды күтемін. Ақылдасайық! Еліміздің ертеңі біздің
қолымызда.

20 баллов
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.