Жер-ана
Бейбіт бақша ішінде жерді қопарып, ойнап жүр еді, бір қария:
– Әй, балам! Жерді неге қорлайсың? Қайта қадірлеп күтпеймісің, ол сенің асыраушы анаң ғой,– дейді.
– Балшықты анаң дегеніне аң-таң болған Бейбіт:
– Менің анам үйде, аты – Зейнеп,- деді.
– Балам, онда сол Зейнеп келінге айта бар, түсіндірер,- деп қария кете берді.
Бейбіт үйге келді. Анасы баласының үсті-басын көріп кейіді. Тамағын ішіп, көңілі жайланған соң, Бейбіттің есіне қарияның айтқаны түсті.
– Апа, –дедi ол,– мана бір шал: «Жерді босқа қопарма, ол да сенің анаң!»- дедi, – ол не дегені?
– Сен не дедiң? – деп сұрады Зейнеп.
– Менiң анам үйде дедім.
– Балам-ай, неге осынша кiр, балшық болып келгенінді енді білдім.
Ол кісі саған дүрыс айтқан. Жер– бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ.

Тапсырма
1. Соңғы сөйлемдердің мағынасын түсіндір. Неліктен Бейбіттің анасы осылай айтты?
(2 сөйлем)
2. Жерге қандай қамқорлық жасау керек деп ойлайсың? (2 сөйлем)
3. Мәтіннен есімдіктерді теріп жаз, түрлерін анықта
Даю 100 баллов
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.