Христофор Колумбтың Американы ашуы. XV ғасырда португалдық теңізшілер алтын іздеп Африкаға аттанды. Олар Африканың солтүстік жағалауындағы маңызды сауда жолын басып алды. Бұл жолмен алтын тасылатын еді. Бұл Португалияның отарлық экспедициясының бастамасы болатын. Португалдықтар 30 жыл ішінде Африканың батыс жағалауына дейін жетті.
XV ғасырда ежелгі ғалымдардың Жер шар тәрізді деген болжамдары теңіз саяхатшыларының назарын аударды. Кейбір ғалымдар батысқа қарай жүзу арқылы Жерді айналып өтіп, Үндістанға жетуге болады деген пікір айтты. Бұл жолды, Африканы айналып өтуге қарағанда, қысқа жол деп қате есептеді. Үндістанға батыс жолмен жетуге әрекет жасаған еуропалық тұңғыш теңіз саяхатшысы Христофор Колумб (1451-1506) болды. Колумб Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб отбасында дүниеге келген.
Жас кезінде Колумб Жерорта теңізінде, Еуропа жағалауларына саяхат жасаған сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайларын жақсы біліп алады. Колумб Генуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұғылданады. Ол бұл мамандықты меңгеріп алған соң, інісі Бартоломей Колумбпен бірге Лиссабонға келеді.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: