Метеоридтар - әдетте, темір мен никельден тұратын шаң мен тастақтар бөліктері. Олар метеорлардың, астероид бөлшектерінің соқтығыстарынан, асқын жаңа жұлдыз жарылыстарының түзілуі немесе планеталардың құрылуы барысындағы қалдықтар болуы мүмкін. Кейбір метеориттер кометалардың тастақты ядроларынан да түзіле береді.
Метеориттер темір, тас-темір және тас метеорит болып негізгі үш түрге бөлінеді. Олардың ерекше белгілері: қырлары мүжілген, сыртында жұқа қабығы және өзіне тән шұңқырлары болады. Сындырып қарағанда метеориттің ішкі жағы күлгін қоңыр түстес келеді, қара немесе ақ түстер сирек кездеседі. Әдетте ақ түсті никельді темір және сары түсті троилит минералы аралас метеорит жиі кездеседі. Тас-темір метеоритінде никельді темір басымырақ болады. Метеориттің мөлшері бірнеше милиметрден бірнеше метрге дейін, ал салмағы граммның бірнеше үлесінен ондаған тоннаға дейін жетеді.
Answers & Comments
Ответ: