Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны жылқы. Жылқы – малдың патшасы. Жылқы - көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден ақ белгілі. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп.
Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады. Жылқы сымбатты жануар.
Бұрынғы кезде батырлардың жүйрік жылқыларының аты болған. Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген.
Жүйрік атты бас бітімінен таниды. Қоян және бақа басты жылқылар жақсылар санатында. Ал бұлан бас, бұғы бас, құлан бас, орақ бас жылқыларды екінші топқа жатқызуға болады. Сондай -ақ өрен жүйріктің көзі, маңдайы, танауы, құлағы, омыраулығы, астыңғы ерні үлкен келеді, Тілінің бітімі жатпақ, жақ сүйегінің астыңғы сағақ үңгірі терең, қабағы үшкіл, еріндері тістеуік сияқты қабысып бітеді.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Жүйрік жылқы.