ЖҰМЫС
Адамның атының сүйкімді болуы да – зор бақыт па дей-
мін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып
ініп
қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды,
Әрі мағына жағынан да қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова
тəтейше айтқанда, бұлар - жоғары идеялы есім-
дер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп,
біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыс-
пен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз
есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең,
қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың
біреуін өзгертіп алар едің! ...
Жарайды, «Өткенге өкініш жоқ» дегендей,
істің турасына көшелік. Менің атым – Қожа. Көріп
отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.
Шынымды айтсам, бұл о баста Қожа емес,
Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай деп
жазылған....
Сонымен, мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бәрі
солай атайды.
Біз бір класта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының
аты да – Қожа. Оқушылар екеуімізді шатастырып алмас үшін
өңімізге қарап, мені «Қара Қожа», оны «Сары Қожа» деп атайды.
Әуел баста мен бұған өкпелеп қалатын едім. Бірақ жүре-бара
құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім. «Қара Қожа» дегендерге
«Әу!» – деп жалт қарайтын болдым.
Фамилиям — Қадыров... Қадыр – менің әкем...
нужно найти прилагательное​ которое отвечает на вопрос кандай қай​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.