Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында “жолаушы өз үйінен 40 қадам ұзап шыққан соң мүсәпір” делінеді. Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. “Жолаушы азығы жолда”деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алысырақтан дауыстап “Кім бар, ау” деп рұқсат сұраған.[1]Жолаушы даладан қос көрсе де міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп аттануы тиіс болған. “Қырықтың бірі қыдыр” деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді, жолаушыны сыйламаса несіп, ырыздығына кесір тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы өз кезегінде кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде де қолданылады.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: