1. Мәншүк әкесінің атылып кеткенін білмей, кеңес үкіметін қорғап, айдаудағы жақын адамын құтқару үшін майданға аттанады. Себебі, ол кезде қоғамда "Халық жауының" балалары өз еркімен майданға аттанса, ата-анасының бар жазасы кешіріледі" деген сөз тарады. Осы сөз құлағына тигелі Мәншүк бір жыл бойы әскери комиссариатқа әскерге бару туралы өтініш жазады.
"Мен, Мәметова Мәншүк, 1922 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келгенмін. Ата-анам қазіргі уақытта қайтыс болған. Жұмысшы факультетін оқып бітіргенмін, қазір Халкомкеңесте халық комиссарлары кеңесі төрағасы орынбасарының жеке хатшысы болып қызмет етемін. Өмірбаяным жөнінен қысқаша мағлұмат бере отырып, сізден ағаларыммен және апаларыммен бірге фашист-қарақшыларды талқандап құрту үшін мені майданға жіберуіңізді сұрағым келеді. Өйткені майданға баратындай ағайым да, апайым да жоқ, сол себептен де өзім сұранамын. Өтінішімді қанағаттандыруыңызды сұраймын. 1939 жылдан комсомол мүшесі. 27.08.1941ж.(М.Мәметова)" деп жазды қайсар қыз өз өтінішінде.
2. Калинин майданы 3-соққы беретін әскерінің 21-гвардиялық атқыштар дивизиясының пулеметшісі Мәншүк Маметованың батальоны жаудың қарсы шабуылына тойтарыс беру туралы бұйрық алады. Бір мың тоғыз жүз қырық үшінші жылы біздің атқыштар бригадасы жауды батысқа қарай тықсырып келе жатты. Бір мезгілде жау қарсы шабуылға Мәншүк Мәметова шықты. Жау шабуылы жақындай берді. Жараланған Мәншүк фашистердің дабырлаған үнін естіп есін жиып алды.Жексұрын жауға өшіккен ол жарасының жанына батқанына қарамай бірден пулемётіне ұмтылды. Оғы бұршақтай жауды. Кекті қыз жау солдаттарын біразын атып түсірді. Фашистер тым-тырақай кейін қашты. Енді біздің жауынгерлер шабуылға шықты.
3. 1943 жылғы қазанның 15-і еді. Мәншүк ұрыс даласында жалғыз қалып, жараланса да, пулеметтен оқ жаудыруды тоқтатпады. Екі қолы пулемет тұтқасынан айрылмастан көз жұмған батыр қыздың алдында жетпістен астам фашистің өлігі жатты. Мәншүктің ерлігі майдандастарына қатты әсер етті. Мәншүк үшін кек алуға ұмтылған кеңес жауынгерлерін ештеңе де тоқтата алмады.
4. 1944 жылғы наурыздың 1-інде Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Answers & Comments
Ответ: