"Жусан иісі" повесі бойынша берілген тест тапсырмасы.
1. «Жусан иісі» повесінің негізгі идеясын анықтаңыз.
A) Жақсылық жасаудың қандай болатындығын көрсету.
B) Ата-ананы қадірін біліп, құрметтеуге шақыру.
C) Соғыс жылдарындағы жетім қалған балалар жағдайын көрсету.
D) Нағыз достықтың қандай болатындығына мысал келтіру.
E) Жауыз адамдар мен мейірімділерді ажыратып көрсету.
2. «Жусан иісі» повесінің кейіпкеріне жатпайтын қатарды белгілеңіз.
A) Қосым
B) Есімбек
C) Аян
D) Тұржан
E) Өржан
3. Төбелескенде ылғи бетті тырнайтын «тырнауық» атанып кеткен кейіпкер баланы анықтаңыз.
A) Садық
B) Есікбай
C) Қасым
D) Аян
E) Тұрдағұл
4. Әжесінің жамағайын төркіндерінің аулына көшіп келгенде Аянның қанша малы бар еді?
A) Екі ешкісі
B) Үш қойы
C) Бір сиыры
D) Бұзаулы сиыры
E) Боталы түйесі
5. Аянның тобығы тайғыш болып қалуына себеп болған жағдайды анықтаңыз.
A) Бұзаудан жығылып қалуы
B) Аттан құлауы
C) Шанадан құлап түсуі
D) Есікбаймен төбелесуі
E) Әкесінен таяқ жеуі
6. Аянның басқа балалардан бұрын хат жазуды үйреніп алуы оның қандай қасиетін көрсетеді?
A) Тапқырлық
B) Айлакерлік
C) Жалқаулық
D) Мейірімділік
E) Зеректік
7. Аян айтқан ертегілердегі балалардың ойынша, қару біткеннің құдайы іспетті болған жарақты көрсетіңіз.
A) Пулемет
B) Зеңбірек
C) Айбалта
D) Семсер
E) Садақ
8. Әжесі қайтыс болғаннан кейін Аян көшіп барған жерді анықтаңыз.
A) Жетімдер үйіне
B) Есікбай досының үйіне
C) Әкесінің досының үйіне
D) Әжесінің тумаласының үйіне
E) Анасының бауырының үйіне
9. Ауыл балаларының Аянға кезек-кезек шаналарын ойнауға беруінің себебін анықтаңыз.
A) Қорыққандықтан
B) Мазақ қылғысы келгендіктен
C) Жаны ашығандықтан
D) Қызық көргендіктен
E) Қарыз болғандықтан
10. Бапай шалдың кемпірі есік алдына отырғызбай қуып жібергенде «Ат қораның төбесіне шығып отырайық», – деп ұсыныс айтқан кейіпкерді белгілеңіз.
A) Аян
B) Есікбай
C) Садық
D) Қосым
E) Бапай шал
11. Аянның ертегілері көбіне не туралы екенін табыңыз.
A) Жан-жануарлар
B) Пері қыздар
C) Жетім қыз
D) Батырлар
E) Жетім бала
12. «Жусан иісі» повесінің мазмұны бойынша жауабы жоқ сұрақты анықтаңыз.
A) Аян мен әжесі көшіп келген ауыл қай таудың етегінде?
B) Аянның анасы қандай дерттен қайтыс болған?
C) Мұғалім, Иманжанов не себепті ауылға көшіп келді?
D) Балалар отырған ат қора неден өртенді?
E) Аянның аяғы не себепті ақсақ болып қалды?
13. Повестің бас кейіпкерінің асқан сабыр иесі екендігін дәлелдейтін қатарды табыңыз.
A) Аяғын салдырғанда жыламауы.
B) Балалар тиіскенде үндемеуі.
C) Әжесі қайтыс болғанда жыламауы.
D) Бапайдың кемпіріне сөз қайтармауы.
E) Қарны ашса да шыдамдық танытуы.
14. Аян ертегілерді қалай айтатынын анықтаңыз.
A) Ойынан шығарып
B) Әжесінен тыңдап
C) Кітаптан оқып
D) Бапай шалдан сұрап
E) Мұғалімнен тыңдап
15. Не себепті Аян шана тебуге түнде шығатын болды?
A) Ұйқысы келмегендіктен
B) Түнде қызығырақ болғандықтан
C) Балалар түнде ойнағандықтан
D) Әжесі қайтыс болғандықтан
E) Балалар күндіз шана бермегендіктен
16. Бапай шал мен оның кемпірі Аянға қандай қарым-қатынас танытқан?
A) Өз баласындай қараған.
B) Мүлдем күн көрсетпеген.
C) Немқұрайлы қараған.
D) Орынсыз ұрып соққан.
Е) Адамгершілік танытқан
17. «Жусан иісі» шығармасының басты тақырыбын анықтаңыз.
A) Жетім баланың жетістікке жету жолы
B) Әлеуметтік теңсіздік
C) Соғыс жылдарындағы халық тағдыры
D) Әйел теңсіздігі мәселесі
E) Жетім баланың аянышты тағдыры
18. «Бір түрлі жусан иісі сияқты жақсы иіс» – деп Аян не туралы айтатындығын табыңыз.
A) Әкесінің пальтосының иісі
B) Анасының орамалының иісі
C) Әжесінің көйлегінің иісі
D) Досы әкелген бауырсақтың иісі
E) Ат қорада жиналған шөптің иісі
19.Аянның мінезіне қатысты жауаптың қатесін белгілеңіз.
A) Сабырлы
B) Шыдамды
C) Зерек
D) Кекшіл
E) Мейірімді
20. Балаларды оқытып жүрген Иманжанов қарт сабақ беруін жалғасыра алмай қалуының себебін табыңыз.
A) Соғысқа аттанып кетті.
B) Қайтыс болды.
C) Төсек тартып жатып қалды.
D) Оқушылар ұнамай қалды.
E) Басқа ауылға көшіп кетті.
21. Оқиға соңыңда жетім баланың тағдыры қалай аяқталды?
A) Әкесі соғыстан оралды
B) Жетім балалар үйіне кетті
C) Жақын туысын тапты
D) Үлкен азамат болды
E) Аурудан қайтыс болды
22. Автор бас кейіпкер Аянның оқиғасын қандай сезіммен баяндап отыр?
A) Көреалмаушылық
B) Қызғаныш
C) Жеккөрініш
D) Сағыныш
E) Реніш
Answers & Comments
Ответ:
1.C
2.E
3.C
4.D
5.A
6.E
7.D
8.D
9.C
10.C
11.E
12.B
13.C
14.B
15.E
16.C
17.E
18.A
19.D
20.C
21.B
22.D