Жылнама — оқиғалардың болған жылы, күні бойынша баяндайтын аса маңызды жазба деректер. Ерте заманда абыздар, тарихшылар, дін қызметкерлері, патша хатшылары жыл ішінде болған елеулі тарихи оқиғалар мен тарихи құбылыстарды рет-ретімен тіркеп, кітапқа жазып отырған.
Жылнамалар жазу дәстүрі ежелгі Мысыр, Үндістан, Қытай, Иран, Арабия, тағы басқа елдерден басталған.
Ертедегі жылнамашылар, көбінесе, патшалардың іс-әрекеттерін дәріптеп, солардың беделі мен үстемдігін нығайтуды көздеген. Қазақстан тарихына байланысты Жылнамалар, негізінен, парсы және түркі тілдерінде жазылған. Бұлардың көрнектілері "Шайбанинама", "Тарихи Әбілхайырхани", "Тарих-и-Рашиди", "Бабырнама", "Шежіре - и турк", тағы басқа. Бізге жеткен Жылнаманың бірі - "Өткен уақыт хикаясы".
Answers & Comments
Ответ: