Қазақ жылқысының тұқымдары ерте кездерденақ пайдаланылып, көптеп өсіріліп келеді. Бұлар осіп-өну ортасына қарай әр түрлі болып келеді.
Қазақ жылқылары онша ірі болмағанымен, шыдамдылық, еттілік, сүттілік, күш-көліктік жағынан жақсы жетілген. Қөшпелі тұрмысқа сәйкес қазақ халқы жылқыларды қысы-жазы бағуға қолайлы болуы үшін, үйірлерге бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болды. Мұндай айғырлар үйірінен шашау шығармай, үйірін қорғап, ит-құсқа жегізбей қысы-жазы қориды. Бірнеше үйір жылқы қосылып, бір табын құраған. Үйіріндегі жылқылардың көп болып жүруі, аттардың үйірге қосылуы айғырға байланысты. (Бір табында 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Қазақ «табын» орнына «қос» деп те атайды.
Күйлі айғыр сәүір айынан бастап 15 шілде дейін үйіріндегі биелерді бауырына алады. Осы мерзімнің ішінде биелер құлындап, күйлі биелер мен байталдар айғырдан ерте шығып кетеді. Ал қоңсы, күйі төмен биелер айғырдан кеш шығып, кенже құлындайтын болады.
Айғырдан шығып кеткен биелер 10 айдан кейін құлындайды. Жақсы айғырлар 25 биеден 30 биеге дейін шығарады. Піштірілмеген жылқы төрт жасында үйірге түсуге жарайды да, құнажын байталдар айғырдан шығып, дөнежінінде құлындайды.
Құлынды биелердің құлыны қара құлақ болып, отығып жетілген кезінде байланылып, күніне 4-5 сауылғаннан кейін, ағытылады. Жас құлындағандарын бір-екі жұмадан кейін байлап, 2-3 сауылғаннан соң ағытып жібереді. Қазақ биені алты айға дейін сауады.
Сәүір айынан бастап тайларды, құнандарды, байталдарды, қысыр биелерді күзеп жібереді. Байталдың, қысыр биенің жалы күзелгенде, кекілі мен шоқтығын қалдырып, құйрығы екі кертіле (бунақ сала) күзеледі. Қүнанның жалы күзеліп, құйрығы күзелмейді. Тайдың жалын тегіс, құйрығынан шыбын қағар қалдырып күзейді.
Қазақ жылқылары салт мініс пен ауыр-жеңіл жұмыстарға да мықты, жүріске берік, төзімді келеді. Бұлардың тұқымдары пайдалануларына қарай бірнешеге бөлінеді. Оларды шаруалар өскен жеріне, тұқымдарына, түстеріне, жал, құйрық бітістеріне, жыныстарына, түрлі жүрістеріне, тағы басқадай ерекшеліктері мен өмір тіршіліктеріне қарай әр түрге бөліп атайды. Қазақ жылқыларының ішінде аяңшыл-жорғасы, желісті, жүйрігі, баяу жүретін шабандары да бар. Оларды күнделікті тұрмыстық қажеттеріне қарай салт мініс көлігі, жұмыс күш келігі, сауын биесі, т. б. деп бөледі, ерекшелейді. Осыған байланысты да жылқының толып жатқан атаулары бар.
kunda021
Ер қанаты тулпар демекші жылқы да қазақтын бурыннан пайдаланып келген малы. Жылқы көлік қызметін де атқарды. Əсіресе көшіп қону кезінде. Сондай-ақ суті шөл басар су, еті іске басар тағам, жуні киім-сияқты заттарға зор пайдасын көрсетіп отырды. Жылқы суті-қымыз, Төлі-қулын немесе қулыншақ деп аталады. Жауға шапқанда тендессіз серік бола білген Қамбар ата жануары өз көрінісін тапты.
Answers & Comments
Қазақ жылқысының тұқымдары ерте кездерденақ пайдаланылып, көптеп өсіріліп келеді. Бұлар осіп-өну ортасына қарай әр түрлі болып келеді.
Қазақ жылқылары онша ірі болмағанымен, шыдамдылық, еттілік, сүттілік, күш-көліктік жағынан жақсы жетілген. Қөшпелі тұрмысқа сәйкес қазақ халқы жылқыларды қысы-жазы бағуға қолайлы болуы үшін, үйірлерге бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болды. Мұндай айғырлар үйірінен шашау шығармай, үйірін қорғап, ит-құсқа жегізбей қысы-жазы қориды. Бірнеше үйір жылқы қосылып, бір табын құраған. Үйіріндегі жылқылардың көп болып жүруі, аттардың үйірге қосылуы айғырға байланысты. (Бір табында 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Қазақ «табын» орнына «қос» деп те атайды.
Күйлі айғыр сәүір айынан бастап 15 шілде дейін үйіріндегі биелерді бауырына алады. Осы мерзімнің ішінде биелер құлындап, күйлі биелер мен байталдар айғырдан ерте шығып кетеді. Ал қоңсы, күйі төмен биелер айғырдан кеш шығып, кенже құлындайтын болады.
Айғырдан шығып кеткен биелер 10 айдан кейін құлындайды. Жақсы айғырлар 25 биеден 30 биеге дейін шығарады. Піштірілмеген жылқы төрт жасында үйірге түсуге жарайды да, құнажын байталдар айғырдан шығып, дөнежінінде құлындайды.
Құлынды биелердің құлыны қара құлақ болып, отығып жетілген кезінде байланылып, күніне 4-5 сауылғаннан кейін, ағытылады. Жас құлындағандарын бір-екі жұмадан кейін байлап, 2-3 сауылғаннан соң ағытып жібереді. Қазақ биені алты айға дейін сауады.
Сәүір айынан бастап тайларды, құнандарды, байталдарды, қысыр биелерді күзеп жібереді.
Қазақ жылқылары салт мініс пен ауыр-жеңіл жұмыстарға да мықты, жүріске берік, төзімді келеді. Бұлардың тұқымдары пайдалануларына қарай бірнешеге бөлінеді. Оларды шаруалар өскен жеріне, тұқымдарына, түстеріне, жал, құйрық бітістеріне, жыныстарына, түрлі жүрістеріне, тағы басқадай ерекшеліктері мен өмір тіршіліктеріне қарай әр түрге бөліп атайды.Байталдың, қысыр биенің жалы күзелгенде, кекілі мен шоқтығын қалдырып, құйрығы екі кертіле (бунақ сала) күзеледі. Қүнанның жалы күзеліп, құйрығы күзелмейді. Тайдың жалын тегіс, құйрығынан шыбын қағар қалдырып күзейді.
Қазақ жылқыларының ішінде аяңшыл-жорғасы, желісті, жүйрігі, баяу жүретін шабандары да бар. Оларды күнделікті тұрмыстық қажеттеріне қарай салт мініс көлігі, жұмыс күш келігі, сауын биесі, т. б. деп бөледі, ерекшелейді. Осыған байланысты да жылқының толып жатқан атаулары бар.