Өмірде адам баласы танып болмаған, болжай да алмайтын құбылыстар аз емес. Белден соң бел, адырдан соң адыр, менің де басып жүрген топырағыма ұлылардың қаны мен тері сіңіп, онда ізі жатқанын мен білемін. Дәл менің аяғымның астында қасиетті топырақ. Кеше бұл жерлерде жыр дүлділі Жамбыл дүниеге келді. Ұлылар тыныстаған ауамен сен де тыныстап тұрып «Мен шыңырауда тудым, қараңғы қапаста өстім, осы заманды жетпіс жыл аңсадым» -деген Жамбыл баба сөзін еске алып, «жүз жасаған бәйтерек» заманынан өзгеріске ұшырай қоймаған тек ақ бұлттардың ішінен ой тересің. Әйтпесе, Ұлы Отан соғысын да, Кеңес дәуірі мен социалистік қоғамды да көрмегендей-ақ, түк болмағандай қаз-қатар тұрған мына үйлер, ғимараттар, мына дала «мен қазақ елін жырға кенелткен Жамбылды тудырдым, белін будырдым, атын әлемге әйгіледім»-деп тұрмаған сияқты.
Жамбыл- эпик әрі айтыс ақыны, абыз, жырау, жауынгер жыршы, шын мағынасындағы заңғар поэзияны жасаушылардың бірегейі. Жамбылдың құдіреті оның осындай асқан шеберлігімен ғана емес, халық поэзиясының бұтақ жайған алып бәйтерегі болуымен де, халық ақындарының жаңа көшін бастаған даралығымен де әлемді таңқалдырған. Қазақта «Бәйтерек» атауына ие болған тамырын тереңге жіберген, көп жыл жасаған, ыстықтағанға сая болатын, шаршағанға демеу, жүргіншіге тоқтау болатын үлкен саялы, қасиетті ағаш бар. Яғни, Жамбыл Жабаевтың «жүз жасаған бәйтерек» аталу себебі осыған келіп саяды.
Жамбыл аласапыран заманда, керең дүние кедейдің үнін естімейтін кезде өмірге келген. Ылғи ақын әрі батыр Шапыраштыдан Сүйінбайдай, Жамбылдай ақындардың туылмауы мүмкін емес еді. Жарық дүниеге көзін ашқанда алдында Сүйінбайдай ақынның болуы Жамбылдың ең ұлы бақыты еді. Жамбыл батаны Сүйінбайдан алды, отыз бес жыл ұлы ақынның өнегесін үйренді.Сүйінбайсыз сөз бастамады, Сүйінбайды пір тұтты. Ұстазының « Шындықты айт, әділдікті жырла. Көне,тозығы жеткен жолға түспе, жаңа,даңғыл жолға түс. Өлеңің бүкіл халық сүйіп тыңдайтын өлең болсын. Сенің көңіліңнің асылы патшаының қазынасынан да бай болсын»,- деген өсиетін бұлжытпай орындады, сөйтіп ұстазының орнын басты. « Атың Жамбыл болса, көкірегің даңғыл болар, шырғанақтан сөз келсе, шырқаушының өзі боларсың түбі»,- деген екен Бөлтірік шешен.
Намысын кекке жаныған, көптің көкейіндегісін таныған Жамбыл байдан гөрі, жүрегі, ары,пейілі таза кедейді жарқыным деп таниды, солардың туын көтереді. Жамбыл өмірінің адам таңқаларлықтай ғажайыптары аз емес. Ол- Абайдың құрдасы. Дүниеге екі рет келген адам. Тоғыз ай,тоғыз күнде ана құрсағынан туды,тоқсан жасқа келгенде замана құрсағынан қайта туды.Екі дәуірде өмір кешті. Кеңес үкіметі тұсында Жамбылдан мәртебесі биік ақын болған жоқ.Оның сөзі ұранға айналып өзі халық поэзиясының атасына айналды. Ол өзгелер секілді поэзияға есіктен кірген жоқ, шаңырақтан түсе салды.Жаңа сипаттағы, жаңа мазмұндағы халық поэзиясының көшін бастады, көсеміне айналды. Қайта туды. Қайта түледі. Қанатты бүркіттей биікте қалықтады, жыр кемесінде шалықтады, дәуір шындығын анықтады,ел бірлігі мен халық тағдырын жырлаудан жалықпады. Айтқан сөзі ем болды, тарыққанға дем болды. Жыры аққан сел, соққан жел
2 / 2
болды. Оның құдіреті осындай халық поэзиясын жаңа арнаға салған даңғылдығында, ешқашан қайталанбайтын Жамбылдығында.
Жүрегі жүз жыл жырлап өткен ақынның өмір бойғы мұрасын жинап, жазып алып, кейінгі ұрпаққа жеткізе алғанда не болар еді? Ал, заты қазақ жырауларының байтақ мұрасы хатқа түсіп, сақталғанда ше? Неше том болар еді? Кітапханаларға сияр ма еді, симас па еді? Осындайда Әбділда Тәжібаевтың: «Қазақ жыраулары миллиондаған жыр шумақтарын жатқа білген. Эпосты жырлаудың алдында сан түрлі тақырыптарды шолып, толғысқа түскен. Содан соң барып эпостың өзіне көшкен. Қазақ жырауларының желісінің өзі бірнеше күнге созылған»,-деген сөзі еске түседі.
«Ал Жамбылдың «Манасты» он жеті күн, «Көрұғлыны» қырық күн айта алады, барлық қазақ эпосын жатқа біледі, бір басында миллионнан астам ұйқас бар дегенге сенбеске шарам жоқ. Жамбыл түсінде де өлең шығаратын болуы керек, бұл ғажап екен! Мен үш күнде Жамбыл университетінен өттім, Жамбыл тайниктерін аштым,мұны көрген кісіде арман жоқ»,- деп Жамбылды қайта-қайта құшақтап, сақалынан сүйіп аттанған Леонид Сергеевич Соболев еді. «Жамбылдың ұлтынанмын» -деп Үндістандағы сапарында өзін таныстырған Мұхтар Әуезов еді.
«Мен шыңырауда тудым, қараңғы қапаста өстім, осы заманды жетпіс жыл аңсадым» -деген Жамбыл баба сөзін тағы еске алдым. Ұлы Отан соғысынан кейін де ұлтыңның көрмегені жоқ! Өмірдің ойпаңын да, өрін де көріпті, соқпағымен де, даңғылымен де жүріпті.
Answers & Comments
Эссе
Жүз жасаған бәйтерек