Өзіне деген сенімділік - адам үшін таптырмайтын қасиет. Өйткені тек өзіңе деген сенімділікпен ғана сен қандай да бір биіктерге жетіп, қалаған нәтижеге қол жеткізе аласың. Көптеген жағдайда жеке күш қажет, бұл тек өзіне сенімділіктің арқасында болады.
Мектептегі сабақ кезінде біз білмегенімізді мұғалімнен сұраймыз. Себебі оның сол пәнді ұзақ уақыт бойы оқығанына, зерттегеніне сенеміз. Демек, мұғалімнің өзінің біліміне деген сенімділігі бірнеше жыл, қажырлы еңбектің арқасында қалыптасып отыр.
Бұл қасиет бала кезінен қалыптасуы керек, бірақ өзіне сенімділік пен ақыл -ойды ұштастыра білу қажет. Кей адамдар өзіне тым қатты сенімді болғаннан, көпшілікке жағымсыз көрінеді. Себебі олардың сенімділігі, шынында, мақтаншақтықтың жемісі. Сондықтан адам тек өз саласында, өз мақсатына деген сенімділігін шыңдауы керек.
Менің ойымша, жеке тұлға үйлесімді түрде дамуы керек, ал егер сен өзіңе сенімділікке қол жеткізгің келсе, алдын ала жұмыс жасап, қандай да бір нәтижеге жетуге тырысуың қажет. Сонымен қатар, негізгі өзін-өзі бақылау, білім жетістіктері өзіне деген сенімділікті күшейтеді. Сондықтан білуге, үйренуге, сұрауға ашық болайық.
Answers & Comments
Verified answer
Өзіңе сенімділік мақсатқа жеткізер