Өзін-өзі емдеу – науқастың дәрі-дәрмек пен емдеу шараларын медициналық мекемелердің, дәрігердің тағайындау және қадағалау көмегіне жүгінбей өз бетінше қабылдауы. Өзін-өзі емдеу ұғымын өзіне-өзі көмек көрсету (дәрігерден кеңес алу уақытына дейін жағдайын өз бетінше жеңілдету әрекеттері) және жеке профилактика (өмір жағдайын жақсарту және ауруды алдын алу шараларын өз бетінше іске асыру) ұғымдарымен шатастырмаған абзал. 1994 жылы Еуропалық рецептісіз дәрі-дәрмектерді өндіру қауымдастығының бастамасымен «өзін-өзі емдеу» ұғымы «өзін-өзі жауапкершілікпен емдеу» терминіне ауыстырылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған анықтама бойынша өзін-өзі жауапкершілікпен емдеу – бұл «...тұтынушының денсаулығындағы ауытқулар мен ауру белгілерін өз бетінше танып, дәрілік препараттарды пайдалануы». Яғни, дәрі-дәрмек пен емдеу шараларын өз бетінше қолданудан кейінгі салдарларға жауапкершілікті емделуші өз мойнына алады, ал препаратты дәрігердің тағайындауынсыз тарататын мамандар науқастың денсаулығында төнетін қауіп үшін жауап беруге міндеттелмейдіБарлық құқықтар сақталған. Материалды көшіріп бассаңыз https://turkystan.kz/article/9099-arbir-ushinshi-kazakstandyk-ozin-ozi-emdegendi-zhon-sanajdy гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз.
Answers & Comments
Ответ: