Ұят – адамға тән сезім қабілеті, ол әр түрлі болады. Ұялу сезімі, жоғарыдағы мақалдарда анықталғандай, адам сезімдерінің ең бастыларының қатарынан орын алады. Өйткені ұят, ұялу сезімі ар, ождан, намыс деген адамгершілік қасиеттермен тығыз байланысты.
Ұят – адам қасиетін бағалайтын сезім. Ол сезім отбасында ересек адамдардың әңгімесінен есту арқылы бала кезден адам бойына ұялайды. Ұят – ең нәзік сезім, ол адамның беделімен, абыройымен тығыз байланысты. Бедел мен абыройға қарапайым еңбегің арқылы, байыпты сөзің арқылы, мейірімді мінезің арқылы, әдеп сақтауыңмен, үлкенді тыңдау, сыйлау, құрметтеуіңмен, тапқыр ойыңмен, қатар құрбыларыңның алды болуыңмен, достық-жолдастық қарым-қатынасыңмен, ибалылығыңмен, ынта-жігер, талабыңмен, тындырымдылығыңмен, жақсыны жаманнан айыра алуыңмен, оларға деген игі де ізгі ниетіңмен, жек көру, жақсы көру ләззатыңмен жетесің.
Сезімталдық, әсіресе, жастарға лайық. «Сезімнің сыртқа шықпас күші бар ма?» - дейді С. Торайғыров. Сондай-ақ ұят ылғи да бет-әлпетіңнің әр түрлі құбылуымен көзге түседі. Ұят дегенді қолға ұстауға болмаса да, сезінуге, көзбен көруге әбден болады. Сезімді дұрыс, орынды пайдалану әр адамды игі қасиеттерге жетелейді. Қорқыныш сезімі бет-әлпетіңнің қуқылдануынан сезіледі, қуанышың – жадырауыңмен, қайғың – түнеруіңмен, ұятың – қызаруыңмен, сүйіспеншілігің – көз тігуіңмен, риза болуың – жайдарлығыңмен көзге көріне қалады.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
короче тапқаным осы