Айша-бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. Ал аңыз оны төрт түліктің бірі – сиыр малының атасы деп есептелінетін атақты Зеңгі бабаның қызы еді дейді. Сол аңыздың айтуынша, Айша-бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Жаугершілік заман болса керек, тұс-тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін, жерін қорғаумен жүргенде Қараханның уәделі мерзімде Айша-бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша-бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба-әже-қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді. Қаланың төбесі көрінгеннен кейін Айша-бибі күтушісімен өзеннің жағасына тоқтап, сол арада біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріседі. Ас әзірленгенше дем ала тұрмақ болған Айша-бибі арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған қыз маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады. Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша-бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптері мен молдасын алып жеткенде ару қыз екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан қызды қолына алып, сол арада Айшамен некесін қидырып, құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айқайлапты. Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір-бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр Тараз қаласының іргесінде. Материал «Елтұтқа» кітабынан алынған
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: