Түйе - төрт түлік малдың ең қасиеттісі. Қазақ халқы түйені «дала кемесі» деген. Ол шөлге шыдамды, көшкенде - көлік, жесе - ет, жүні - киім. Түйенің жүнінен бас киім, шапан не тек жамылғы көрпелер жасаған, аяққа басуға болмайды деп төсеніштер жасамаған. Түйенің шудасын, сүтін емге пайдаланған. Сүті қою, құнарлы. Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ, т. б. жасаған. Сиыр үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Ертеде сиыры жоқ үй кедей үй деп есептелген. Ертеде сиырдың терісінен ыдыстар, қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған. Қой - төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі. «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деген қазақ атамыз. Өзі өсімтал, сүті майлы әрі жұғымды, қонақ асы. Қой мен ешкінің иленген терісін түрлі сырт киім мен аяқ киім тігуге пайдаланған. Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп, баулар жасалады, кілемдер, текеметтер тоқылады. Қазақ халқы қой мен ешкіні «уақ мал» деп атайды. Ешкі - өте өсімтал мал. Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті өте құнарлы. Ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асыраған. Ешкінің серкесінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Ешкі жеңілтек мал деп есептелген, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы «ешкі құсап селтеңдеп» деп ешкіге теңеп отырады. Тағы ешкінің жүнінен жылы әрі жұмсақ түбіт орамалдар тоқиды. Жылқы - қазақтың қасиетті малдарының бірі. Ат - ер қанаты. Жылқы жүйрік, әрі өте төзімді мал, оны көлік ретінде пайдаланады. Қымызы ем, еті мен сорпасы қысты күні тоңдырмайды. Жылқының жалынан, құйрығынан арқан жіп есіледі, етінен қазы-қарта, жал-жая жасайды. конспект
Answers & Comments
Ответ:
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қолданбаны жүктеп алу / ашу
VI ТАРАУ. ТҮЙЕ – ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТӨРЕСІ
Басты бет ҰБТ Биология 7-сынып VI тарау. Түйе – төрт түліктің төресі
КОНСПЕКТ
Түйе – сүтқоректілер класының көнтабандылар (сірітабандылар) отрядына жататын күйіс қайыратын жануар. Оңтүстік Американың таулы аймақтарында таралған түйетек (гуанако) және түйебас (викунья) та осы отрядқа жатады. Олардың денесі түйеден кіші, өркеші болмайды. Қолға үйретілген қолтұқымдары таутайлақ (лама) және кекілеш (альпака) деп аталады.
Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бұл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тақыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап шөгіп жата береді.