1-сұрақ «Тар кезең» романының бас кейіпкері Сырым Датұлының орал-казак соғысындағы атқарған рөлі кандай? 2-сұрақ Сырымның жанындағы әскер саны канша болды? 3-сұрақ Колпаков деген кім? 4-сұрақ Көтерілісшілердің мақсаты не? Олар қандай шешім қабылдады? 5-cvnak Автор осы еңбегі үшін кандай сыйлықтың иегері болды? «Тар кезең» романы.
Answers & Comments
Осындай шығармашылық үрдіс жемістері қатарына көрнекті жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романы да қосылды. Романның тақырыбы – Қазақстан тарихында «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы» атымен әйгілі болған халықтың тағдырындағы Ресейдің отарлық билеу кезеңінің оқиғалары. «Тар кезең» романының идеясы – Ресейдің отарлау саясатындағы озбырлықтардың (атақоныстардан, жайылымдардан еріксіз айыру, жазықсыз ауылдарды шауып, адамдарды өлтіру, тонау, барымталау, өзішілік басқару жүйесіне тиым салу, т.б.) етек алуына халықтық қарсыласу қуатын таныту. Жазушының «Тар кезең» тарихи романына арқау болған сюжеттік-композициялық желілердегі қақтығыстар, қазіргі «Қазақстан тарихының» жаңаша жазылған тарихнамалық-дерекнамалық деректі тұжырымдары негізінде жазылғандығымен ерекшеленеді.
«Тар кезең» романының жеті тарауындағы сюжеттік-композициялық желілерде мынадай оқиғалар эпикалық көлеммен қамтылған: біріншісі – Ресей патшалығының әкімшілік жүйесінің қазақ өлкесін мемлекеттік ішкі саясат аясындағы генерал-губернаторлық басқару жүйесінің ерекшелігі; екіншісі – Кіші жүз хандығы басқару жүйесінің дәстүрлі жолы мен оның отарлық әкімшілігіне тәуелділік сипаты; үшіншісі – Ресейдің отаршыл озбырлық іс-әрекеттеріне тыйым салу қарсылығын танытушы «Халық кеңесінің» құрылғаны, оған үш ата өкілдерінің (Әлімұлын – Шекті Сегізбай биге, Байұлын – Шеркеш Тұрманбет биге, Жетіруды – Табын Тіленші биге) мүшелері болғаны, Халық кеңесінің Төбе биінің (Байбақты Сырым би), Төбе бидің кеңесшілерінің (Ысық Қаратау би және Кете Көккөз би) сайланғаны. Романда қазақ тарихына есімдері мәлім осындай көрнекті адамдар көркем бейнелерінің сомдалуы, оқиғалар барысындағы олардың іс-әрекеттері, монологтары, портреттері, т.б. ерекшеліктер көркемдік қолданыстар арқылы дәлелдеген.
Отаршылдардың арнайы жазалау жорықтарынан қорғанып, қарауындағы елді бұрынғы қоныстарынан (Қырмызы, Қособа, Мақарша, Қарағұс, Қосағаш, Көкайыл, Бөлекқұмақ, Жетікөл, Тұздыкөл, Жосалы, Қоңыр, Талдыбұлақ, Тасқұдық, т.б.) көшіріп, жаңа қоныстарға (Қалдығайтының сыртындағы Қарақамыстық қойны, Көшекбасар, Ишқымбай, Жібек, Сұлукөл, Жем, Сағыздың жоғарғы жағы, бес өзеннің бастауы – Бестамақ пен Саға, т.б.) орналастырады.
Әсіресе бетпе-бет шайқаста «… күндей күркіреген зеңбірегі, оқпанынан от бораған мылтығы бар орыстың өзі … жата қалып жер шұқып, тышқаншылап оқап қазып бауырымен жер сызып жүріп соғыспай ма?») деп, ауылдастырының үйлеріндегі «… тең-теңінің ішіне, кебежесінің түбіне тығып сақтатқан, тот баспасын деп таза матаға оратқан орыс мылтық, бұхары мылтық, хиуадан алдыртқан щамқал, бағзыдан келе жатқан қозыкеш, күлдірмамайларды бірінші рет жарыққа шығартып, майлатып-сылатып жалтыратып сүрткізіп, осының икемі бар-ау деген жігіттерге жеткенінше үлестіріп» отаршылдармен болатын шайқасты нағз әскери қолбасшылықпен ұйымдастырады
Романның көркемдік сипатын танытатын ерекшелігі – басты кейіпкер Сырымның қолбасшылық-батырлық қасиеттерін даралайтын сыртқы келбеті (портреті) мен мінез-құлық психологиясының поэтикалық тұтастықпен өрілетіндігі. Басты кейіпкердің кескін-келбетін киген киімімен, мінген тұлпарымен, сол мезеттегі табиғат құбылысымен, маңындағы адамдардың көңіл күйімен, сонымен бірге халық тағдырының өткені мен бүгінгі болашағын сабақтастыра толғанған жан ділі күйзелістерімен тұтастыра бейнелеудегі көркем шындық эстетикасына тән өрнектері мол байқалады.
Басты кейіпкер Сырымның ел ағасы – би тұғырындағы және батырлық-жауынгерлік рухы көтерілген сәттерінің ел тағдыры жолындағы азаматтық-қайраткерлік тұлғасын құрайтын психологиялық күрделі жағдайы соңына халық берік сеніммен ерген адам тұрпатын айқын елестетеді. Отаршылдарға қарсы шешуші майдан ашуға бел буған ел ағасы және қолбасшы батыр тұғырының тұтастығымен дараланған Сырым Датұлы жазушының өмір шындығын көркем шындықпен өрнектеген эпикалық баяндауы аясындағы психологиялық сырлы поэтикалық бейнелеулерімен берілген.
Роман сюжетінің шиеленісі сәтінде Ресейдің отарлық билеу жүйесі басшылығының би, батыр Сырым Датұлы бастаған ұлттық-азаттық қозғалысымен санасуға мәжбүр болғанын оқимыз. Сюжеттік шарықтау шегінде отарлық басқару орындары жіберген кісілерді бастап келген Орынбор мешітінің бас имамы, ахун Мұхамеджан хазірет Хұсайыновқа, генерал-губернаторға, сол арқылы Санкт-Петербургтегі патшайымға хат дайындалып жіберіледі. Кіші жүз рулары билері аталып, олардың атынан сенімді өкілі ретінде Сырымның қолы қойылып мөрі басылады. Ал роман сюжетінің шарықтау шегінде қарауындағы халқына опасыздық-сатқындық жасап, билігін сақтау үшін Ресейдің жазалаушы әскерлеріне ауылдарды талатқан, тонатқан Нұралы хан «Халық Кеңесінің» шешімімен тақтан тайдырылады.