Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде «Ата Заңда даламның кеңдігі өріліп тұр» тақырыбында шағын мәтін ( сөз саны - 100) жазыңдар. Жұптасып бір-біріңнің жазған мәтіндеріңді азатжолдарға бөліп, ақпарат пен идеяны жүйелеп, логикалық түзетулер енгізіп, редакциялаңдар.
Answers & Comments
Ответ:Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты, ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы – Конституция. Бұл орайда еліміз 1995 жылы өзінің талғам-талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.
Объяснение:
Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 20 жыл толып отыр. Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта – теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Конституция – біздің асқақ абыройымыз. Біздің Негізгі Заң – біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас. Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда. Биыл Қазақстан халқы үшiн аса маңызды мерейлi мерекелер жылы. Ең бастысы – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Бұл – тарихымызды түгендеудiң бастамасы. Iшкi саясаттағы маңыздысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Бұл болашағымыз үшiн қажет. Ал Қазақстан Республикасының Конституциясы бүгiнiмiз бен келешегiмiздiң кемелдiгiнiң көрiнiсi. Рас, бұл мереке жыл сайын мемлекеттiк деңгейде аталып өтiлетiнi белгiлi. Десек те биылғы мейрам ерекшелеу болғалы тұр. Өйткенi, Ата Заңымыздың 20 жылдығы мемлекет пен халық тарапынан айрықша тойланады. Себебi, құқықтық саясатымызда Тәуелсiздiгiмiз бен Конституциямыз тайға таңба басқандай ажырамас егiз ұғымға айналған. Бiрiнсiз бiрi толыққанды мазмұнға ие бола алмасы анық. Аңдағанға – ақиқат. Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі.
Объяснение:
Осылай бөлесің абзацқа